Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 қараша 2025 ж.

    Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 600 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы №475 «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №17847 тіркелген) сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, елді мекендегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

    2. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    Ж. Қайнарбаев

    Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

    2025 жылғы 25 қарашадағы

    № 444 қаулысына қосымша

    Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

    Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері
    Аймаққа бөлу коэффициенті
    1
    Шаңырақ шағын ауданы
    1,6
    2
    Шұғыла шағын ауданы
    1,7
    3
    Жалын шағын ауданы
    1,55
    4
    Самал шағын ауданы
    1,7
    5
    Көктем шағын ауданы
    1,6
    6
    Өркен шағын ауданы
    1,7
    7
    Рауан шағын ауданы
    1,5
    8
    Вокзал станциясы
    1,6
    9
    Мұнайлы шағын ауданы
    1,45
    10
    Арай шағын ауданы
    1,45
    11
    Мамыр шағын ауданы
    1,3
    12
    Бостандық шағын ауданы
    1,45
    13
    Ақбұлақ шағын ауданы
    1,45
    14
    Астана шағын ауданы
    1,4
    15
    Бәйтерек шағын ауданы
    1,3
    16
    Рахат шағын ауданы
    1,3
    17
    Ақсу шағын ауданы
    1,55
    18
    Жұлдыз шағын ауданы
    1,35
    19
    Мерей шағын ауданы
    1,35
    20
    Қызылсай ауылы
    1,45
    21
    Теңге ауылы
    1,45

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.