«КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 наурыз 2022 ж.

    «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші 2022 жылғы 25 қаңтардағы № Б-05-Ө бұйрығымен Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер катынастары бекіткен жерге орналастыру жобасы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Шымкент қаласы, Айдана БС-Алмалы БС-Самал-2 БС-Кирпич БС мекенжайда орналасқан алаңы 0,5926 га бөлінбейтін жер учаскесіне талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту мен пайдалану үшін 5 жылға қауымдық сервитут белгіленсін.

    «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алаңы 0,5926 га жер учаскесіне сервитут құны 40771 (қырық мың жеті жүз жетпіс бір) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес мемлекеттік кірістер басқармасының есеп шотына аударсын.

    2. «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы жер учаскесіне қатысты Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65-бабында көрсетілген барлық міндеттерді орындауы қажет.

    3. Осы қаулының орындалуын Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқарма басшысының у.м.а. Н. Жунусбековке жүктелсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орныбасары Е. Білісбековке жүктелсін.

    Шымкент қаласының әкімі

    М. Әйтенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.