Ордабасы ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қараша 2025 ж.

    Ордабасы ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 726 бабына сәйкес Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ордабасы ауданында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде алынған (алынуға жататын) мөлшерлемесін 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.

    2. Ордабасы аудандық маслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №13/7 «Ордабасы ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Аудандық мәслихат төрағасы

    Б.Джумабеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.