Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 19 қараша 2025 ж.
Жаңаөзен қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726 - бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаөзен қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшері 4 пайыздан 3 пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы
Г. Байжанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.