Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 21 қараша 2025 ж.
Шет ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726 – бабына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шет ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындағын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудандық мәслихаттың төрағасы
С.Социал
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.