Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 21 қараша 2025 ж.
Нұра ауданы бойынша жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданған жағдайда корпоративтік немесе жеке табыс салығының (төлем көзіне салық ұсталатын табыстардан басқа) мөлшерлемесін Нұра ауданының аумағында салық кезеңі үшін алынған (алынуға тиіс) табыстар бойынша 4 %-дан 2 %-ға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Нұра аудандық мәслихатының төрағасы
К. Жунусбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.