«Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 мамыр 2024 ж.

    «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органы туралы үлгілік ереже, Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 244/3 «Туризм саласындағы функцияларды беру туралы» қаулысына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 120 «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылсын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Қ. Арынов

    Ақтоғай ауданы

    әкімдігінің 2024 жылғы

    «30» мамырдағы № 158

    қаулысына қосымша

    «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    1-тарау. Жалпы ереже

    1. «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Ақтоғай ауданының аумағында мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    2. Бөлімнің келесі ведомстволық бағынысты мекемелері бар:

    1) «Ақтоғай ауданының мәдениет және спорт бөлімінің Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

    2) «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Мемлекет Ақтоғай ауданының әкімдігі тұлғасында «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

    4. Бөлім ұйымдық-құқықтық мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

    5. Бөлім азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға өз атынан түседі.

    6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

    7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешім қабылдайды.

    8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

    9. Заңды тұлғаның мекенжайы: «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Әлин көшесі № 97.

    10. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Орыс тілінде атауы: Коммунальное государственное учреждение «Отдел культуры, физической культуры и спорта Актогайского района».

    11. «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

    Дүйсенбі-жұма сағат 9.00-18.30 аралығында, түскі асқа үзіліс 13.00-14.30 арылығында, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

    12. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

    13. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жергілікті бюджеттен іске асырылады.

    14. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынастар жасасуға тыйым салынады.

    Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленбесе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    2-тарау. «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

    15. Бөлімнің мақсаты Ақтоғай ауданы аумағында мәдениет, дене шынықтыру және спортты жалпы дамыту мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

    Мақсаттары:

    1) мәдениет, дене шынықтыру, спорт және туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

    2) аудан аумағында мәдени-демалыс жұмысы, театр және музыка өнері, кітапхана ісі ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметін қолдау және үйлестіру, өнер түрлерін, халық шығармашылығы және көркемөнепраздар өнерінің барлық түрлерін дамыту жолымен мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

    3) Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұраларын, рухани дәстүрлерін жандандыру, сақтау, дамыту және таратуды, соның ішінде ауданымыздағы ұлттар өкілдері дәстүрлерін көрсетуге қолдау көрсету;

    4) Ақтоғай ауданында әлеуметтік саланың басым бағыттары анықталатын дене шынықтыру және спорт саласындағы тұрғындардың сұраныстары жөніндегі ақпараттарды жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыру;

    5) Ақтоғай ауданында бұқаралық спортты және ұлтық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;

    6) Ақтоғай ауданы тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау бойынша практикалық шараларды іске асыру;

    7) мәдениет пен кітапхана жүйесінің материалдық-техникалық базаны дамыту және нығайту бойынша іс-шараларын жүзеге асыру;

    8) тұрғындарға мәдени қызмет көрсету түрлерін одан әрі жетілдіру;

    9) мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетулерді жүзеге асыру.

    16. Өкілеттігі:

    1) құқығы

    аудан әкімдігінің атқарушы органдары мен өзге де ұйымдардың мәдениет және спорт саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдануы бойынша қызметті үйлестіру;

    аудан әкімдігінің, әкімнің және жоғары тұрған ұйымдардың қарауына мәдениет және спорт саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

    заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

    мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

    Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар өткізу;

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

    Бөлім өкілеттікті орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдармен өзара әрекеттеседі.

    2) міндеттер:

    қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетулерді жүзеге асыру;

    Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің және басқа да орталық атқарушы органдардың, облыс әкімінің және әкімдіктің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау;

    қолданыстағы заңнамамен қарастырылған басқа да міндеттерді іске асыру.

    17. Қызметі:

    1) мәдениет, дене шынықтыру, спорт және туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

    2) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, байқаулар, фестивальдар мен конкурстар, сәндік-қолданбалы өнер көрмелерін өткізуді ұйымдастырады;

    3) жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдени ескерткіштерді есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

    4) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамысыз етеді;

    5) аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

    6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабар алмасуын қарауды және тиісті шаралар қолдануды қамтамасыз етеді;

    7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігін және сапалылығын қамтамасыз етеді;

    8) бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми онлайн платформалармен жұмыс жасау;

    9) аудан аумағында мәдениет, дене шынықтыру, спорт, туризм саласындағы жай-күй туралы қажетті есеп берулер, мәліметтерді уәкілетті органдарға беру және талдау жасау;

    10) ауылдық клубтар, кітапханалар, мәдениет пен өнер саласының басқа да мекемелерінің қызметін үйлестіру және әдістемелік көмек көрсету;

    11) ауданның мәдениет мемлекеттік ұйымдары қызметкерлерін аттестаттаудан өткізеді;

    12) аудан аумағында бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

    13) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәдениет, дене шынықтыру, спорт және туризм саласындағы баяндамаламар, түсіндірме жазбалар, ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;

    14) кадрлық қамтамасыз ету жағдайына талдау жүргізу, ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары, олардың орынбасарлары мен азаматтық қызметшілерінің біліктілігін арттыру мен аттестаттаудан өткізуге қатысу;

    15) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алулар бойынша есептілікті қалыптастыру және Бөлімнің сатып алулардың жылдық жоспарын әзірлеу;

    16) бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды қамтамасыз ету, Бөлім әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын қалыптастыру, бекіту мен орындау.

    3-тарау. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

    18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

    19. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

    20. Бөлім мен еңбек ұжымы арсындағы қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мен ұжымдық шартқа сәйкес реттеледі.

    21. Бөлім басшысының орынбасарлары жоқ.

    22. Бөлім басшысының өкілеттілігі:

    1) Бөлім қызметін ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты іске асырады;

    2) Бөлім туралы ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

    3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлім жұмыскерлерін және бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

    4) Бөлім барлық қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты мекемелер басшылары орындау міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

    5) Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

    6) Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

    7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты мекемелер басшыларын көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

    8) Бөлімнің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

    9) барлық мемлекеттік органдарда және жеке меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлім мүддесін білдіреді;

    10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапкершілікте болады;

    11) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;

    12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Бөлім бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

    4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

    23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай табысты қосқанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    24. Бөлімнің бекітілген мүлігі аудандық коммуналдық меншікке жатады.

    25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

    5-тарау. «Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту

    26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    27. Бөлім қысқартылған (жойылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.