Көшеге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы қорытындысы негізінде және Құрманғазы ауылдық округінің тұрғындарының пікірін ескеріп, Құрманғазы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құрманғазы ауылдық округі Құрманғазы ауылының келесі көшесіне атау берілсін:
№ 2 көшеге – Құрманбай Джылтыхаев есімі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімінің міндетін атқарушы
Н. Кайрмеденов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.