Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 21 қараша 2025 ж.
Аршалы ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтар мөлшерлемесін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі бойынша Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлеменің мөлшері Аршалы ауданының аумағында 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Аудандық мәслихатының төрағасы
Ә. Балташев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.