«ҚТҚ полигонын салу» объектісі бойынша ұзындығы 1,2 км болатын ӘЖ-10кВт жоғары вольтты желісін салу үшін қоғамдық сервитутты орнату туралы «шешім жобасы»

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 қараша 2025 ж.

    «ҚТҚ полигонын салу» объектісі бойынша ұзындығы 1,2 км болатын ӘЖ-10кВт жоғары вольтты желісін салу үшін қоғамдық сервитутты орнату туралы «шешім жобасы»

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару», Осакаровка кентінің әкімі ШЕШІМІ:

    1. «Қарағанды облысы Осакаров ауданының құрылыс бөлімі» ММ-не «ҚТҚ полигонын салу» объектісі бойынша ұзындығы 1,2 км болатын ӘЖ-10кВт жоғары вольтты желісін салу үшін Осакаровка кентінің жерінде орналасқан 4 жыл мерзімге жер учаскесін алып қоймай, ауданы 0,04 га жер учаскесіне жария сервитут шектеулі жер пайдалану құқығы белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Осакаровка кентінің әкімі

    Акижанов С.Т.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.