«Жарқайың ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Жарқайың ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № А-11/388 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 қараша 2025 ж.

    «Жарқайың ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Жарқайың ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № А-11/388 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Жарқайың ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Жарқайың ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № А-11/388 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8859-03 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:

    «Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 600-бабының 6-тармағына сәйкес Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Е. Жүсіпбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.