Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 шілдедегі № 12-3 «Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастар тізбелерін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 шілдедегі № 12-3 «Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастар тізбелерін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28763 болып тіркелді) және 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 11-2 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастар тізбелерін айқындау туралы» 2022 жылғы 8 шілдедегі № 12-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7370-07 болып тіркелді) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы (А. Хайруллин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
М. Мукаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.