Жамбыл облысы Сарысу ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қараша 2025 ж.

    Жамбыл облысы Сарысу ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы бірлескен қаулы және шешімге сәйкес, Сарысу ауданының елді мекендерінің шекаралары (шегі) белгіленсін:

    1) жалпы алаңы 5405,087 гектар Жаңатас қаласының шекарасы;

    2) жалпы алаңы 3133,6887 гектар Жанаталап ауылдық округінің қшекарасы;

    3) жалпы алаңы 20,9638 гектар Жанаталап ауылдық округінің Жанаталап ауылының шекарасы;

    4) жалпы алаңы 2587,3085 гектар Игілік ауылдық округінің шекарасы;

    5) жалпы алаңы 1194,53 гектар Игілік ауылдық округінің Өндіріс ауылының шекарасы;

    6) жалпы алаңы 26,2418 гектар Игілік ауылдық округінің Игілік ауылының шекарасы;

    7) жалпы алаңы 4499,09887 гектар Жаңаарық ауылдық округінің шекарасы;

    8) жалпы алаңы 122,8 гектар Жаңаарық ауылдық округінің Ұ.Сыздықбаев ауылының шекарасы;

    9) жалпы алаңы 66,0869 гектар Жаңаарық ауылдық округінің Ақтоғай ауылының шекарасы;

    10) 11) жалпы алаңы 13166,1147 гектар Жайылма ауылдық округініңшекарасы;

    11) жалпы алаңы 34,6572 гектар Жайылма ауылдық округінің Қызылдихан ауылының шекарасы;

    12) жалпы алаңы 11,8021 гектар Жайылма ауылдық округінің Жайылма ауылының шекарасы;

    13) жалпы алаңы 21,6023 гектар Жайылма ауылдық округінің Ақтам ауылының шекарасы;

    14) жалпы алаңы 19,4053 гектар Жайылма ауылдық округінің Маятас ауылының шекарасы;

    15) жалпы алаңы 3838,2067 гектар Түркістан ауылдық округінің шекарасы;

    16) жалпы алаңы 61,31 гектар Түркістан ауылдық округінің Арыстанды ауылының шекарасы;

    17) жалпы алаңы 202,9 гектар Түркістан ауылдық округінің Ә.Бүркітбаев ауылының шекарасы;

    18) жалпы алаңы 25,9713 гектар Түркістан ауылдық округінің Үшбас ауылының шекарасы;

    19) жалпы алаңы 78758,4837 гектар Қамқалы ауылдық округінің шекарасы;

    20) жалпы алаңы 4 873,6353 гектар Досбол ауылдық округінің шекарасы;

    21) жалпы алаңы 74,0952 гектар Досбол ауылдық округінің Шағалалы ауылының шекарасы;

    22) жалпы алаңы 49,1577 гектар Досбол ауылдық округінің Досбол ауылының шекарасы;

    23) жалпы алаңы 0,1187 гектар Досбол ауылдық округінің Кіші Көкдала ауылының шекарасы;

    24) жалпы алаңы 1206,76 гектар Тоғызкент ауылдық округінің шекарасы;

    25) жалпы алаңы 26,89 гектар Тоғызкент ауылдық округінің Тоғызкент ауылының шекарасы;

    26) жалпы алаңы 22,7782 гектар Тоғызкент ауылдық округінің Әбілда ауылының шекарасы.

    2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О.Молдабековке және аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сарысу ауданының әкімі

    С. Мамытов

    Сарысу аудандық мәслихат төрағасы

    Ш. Мұсабеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.