Сарысу ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қараша 2025 ж.

    Сарысу ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сарысу ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мөлшерлемесінің мөлшерін қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне байланысты есепті салық кезеңі үшін 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

    2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Сарысу аудандық мәслихат төрағасы

    Ш. Мұсабеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.