Шектеу iс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес және Ерейментау ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2025 жылғы 12 қарашадағы №01-34652 ұсынысы негізінде Еркеншілік ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зертханалық сынамаға жеткізілген түлкі бас сынамасынана құтырық ауруының анықталуына байланысты Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Еркеншілік ауылының Сағат Жәкішұлы көшесінде шектеу іс-шараларының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Шектеудің енгізілуімен ветеринариялық режим ошақты жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін өткізу уақытына белгіленеді.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне.
М.Б.Жампейісов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.