Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден
Астана қаласы мәслихатының
2025 жылғы 12 қарашадағы
№ 338/45-VIII
шешіміне қосымша
Астана қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1150 болып тіркелген);
2. «Астана қаласының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 511/68-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1276 болып тіркелген);
3. «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI» Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 72/10-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24057 болып тіркелген).
____________________________________
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.