Көше атауын беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 қараша 2025 ж.

    Көше атауын беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабы 4-тармақшасын, Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қорытындысын негізге алып және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шебір ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

    1. Шебір ауылына қарасты атауы жоқ көшеге – «Қоңыр Тарбақов» көшесі атауы берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округ әкімі

    С.Тұрақбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.