2025 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша жерүстi көздерiнің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қараша 2025 ж.

    2025 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша жерүстi көздерiнің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26 бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес 2025 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша жерүстi көздерiнің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихат төрағасы

    Ж. Матаев

    Маңғыстау облыстық мәслихатының

    2025 жылғы 13 қарашадағы

    №23/271 шешіміне қосымша

    2025 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша жерүстi көздерiнің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

    Арнаулы су пайдалану түрлері
    Өлшем бірлігі
    Төлемақы мөлшерлемесі (теңге)
    1
    2
    3
    4
    1
    Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
    1000 текше метр
    76
    2
    Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп
    1000 текше метр
    327
    3
    Ауыл шаруашылығы
    1000 текше метр
    92
    4
    Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
    1000 текше метр
    92
    5
    Су көлігі
    1000 текше метр
    52

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.