Көше атауын беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14- бабының 4) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облысы жанындағы ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Онды ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Онды ауылына қарасты атаусыз көшелерге келесі атаулар берілсін.
1) Атауы жоқ көшеге – Мұқыр Ниязұлы көшесі атауы берілсін;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Онды ауылдық округінің әкімі
Қ.Жәнібекұлы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.