«Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне өзгерiстер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қараша 2025 ж.

    «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне өзгерiстер енгізу туралы

    Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6578-09 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»;

    көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін»;

    көрсетілген шешіммен бекітілген Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін уәкілетті орган Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында бекітілген нормалар шегінде есептейді.»

    2. «Саран қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Саран калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Саран қалалық мәслихатының төрағасы

    О. Баймаганбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.