Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 қараша 2025 ж.

    «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Субсидиялардың көлемін қалыптастыруды және бөлуді ЖАО (көрсетілетін қызметті берушілер) осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген субсидия түрлері мен нормаларына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты шегінде мыналарды ескере отырып жүзеге асырады:

    аудандардың/қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ағымдағы жылға қажетті субсидиялар көлемдері туралы ұсынатын ақпараты;

    алдыңғы жылы игерілген субсидия көлемдері туралы қорытынды деректер;

    өңірлік ерекшеліктер;

    ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын кәсіпорындардың санымен және үлесімен айқындалатын импортқа тәуелді бағыттарды қоса салғанда, өңірде ауыл шаруашылығы өндірісінің басым мамандануы.

    Субсидиялар көлемі бірліктердің (бас, килограмм, доза, дана) санын осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген тиісті субсидиялар нормативтеріне көбейту жолымен айқындалады.

    Алдыңғы қаржы жылында (жылдарында) берілген және мақұлданған өтінімдер бойынша субсидиялардың төленбеу нәтижесінде қалыптасқан тауар өндірушілер алдындағы орындалмаған міндеттемелер бойынша берешек болған кезде,тиісті берешек сомасы ағымдағы қаржы жылына арналған субсидия көлемін жоспарлау кезінде есептеуге қосылады.

    Барлық субсидия бағыттары бойынша жалпы қажеттілік көлемі әрбір субсидия түрі бойынша қажеттіліктерді қосу арқылы анықталады.

    Маслихаттың тиісті кезеңге арналған облыстық бюджетті бекіту туралы шешімі қоса берілген, ұсынылған субсидия көлемдеріне тиісті жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей ЖАО (көрсетілетін қызметты беруші) басшысы ЭЦҚ-мен қол қояды және СМАЖ арқылы Министрлікке келісуге жібереді.

    Қаржыландыру көлемін қайта бөлу немесе ұлғайту, субсидия түрлеріне қосымша қаражат бөлуді көздейтін жалпы қаржы көлемін түзету үшін негіз болған кезде, ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) СМАЖ-да тиісті түзетулер енгізеді және оларды СМАЖ арқылы Министрлікке келісуге жібереді.

    Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген субсидиялардың жекелеген түрлері бойынша өтінімдер саны жеткіліксіз болған жағдайда, сондай-ақ пайдаланылмаған қаражат болған кезде, қаржы жылы ішінде ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілген қаражатты осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген қаражат жетіспейтін субсидияның басқа түрлеріне қайта бөледі.

    ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялауды мониторингтеу үшін жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылғы 1 ақпанға дейін Министрлікке мыналарды ұсынады:

    осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген субсидия түрлері бойынша осы Қағидаларға 4-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялардың пайдаланылуы туралы ақпарат;

    мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштері нәтижелеріне қол жеткізуді (мал басы мен құс санының ұлғаюы, асыл тұқымды мал басының өсуі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің ұлғаюы, өнімділіктің өсуі, өнім сапасының артуы), субсидиялардың импортқа тәуелділікті төмендетуге және экспорттық әлеуетті дамытуға әсері, салалар кесіндісінде бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бағалай отырып, субсидияларды пайдалану тиімділігі туралы талдамалық ақпарат.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-2-қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект және цифрлық

    даму министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистикалық бюросы

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы

    министрі

    2025 жылғы 18 қарашадағы

    № 428

    бұйрығына 1-қосымша

    Асыл тұқымды мал

    шаруашылығын дамытуды, мал

    шаруашылығының өнімділігін

    және өнім сапасын арттыруды

    субсидиялау қағидаларына

    1-қосымша

    Субсидиялау бағыттары мен нормативтерінің тізбесі

    Р/с №
    Суб­си­ди­я­лар түр­ле­рі
    Өл­шем бір­лі­гі
    1 бір­лік­ке ар­нал­ған суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге
    Ет­ті және ет­ті-сүт­ті мал ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Ет және ет-сүт ба­ғы­тын­да­ғы отан­дық асыл тұқым­ды тұқым­дық бұ­қа са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    260 000
    2.
    Ірі қа­ра мал­дың асыл тұқым­ды ана­лық ба­сын са­тып алу:
    Са­тып алын­ған бас
    2.1
    Отан­дық
    260 000
    2.2
    Тәу­ел­сіз Мем­ле­кет­тер До­ста­стығы ел­де­рі­нен, Укра­и­на­дан әке­лін­ген
    390 000
    2.3
    Ав­стра­ли­ядан, Сол­тү­стік және Оң­тү­стік Аме­ри­ка ел­де­рі­нен, Еуро­па ел­де­рі­нен әке­лін­ген
    525 000
    3.
    Ет ба­ғы­тын­да­ғы асыл тұқым­ды ірі қа­ра мал­дың тө­лін өсі­ру шы­ғын­да­рын ар­зан­да­ту
    Бас
    15 000
    4.
    Бор­да­қы­лау алаң­да­ры­на бор­да­қы­ла­у­ға неме­се ет өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры­на со­ю­ға өт­кі­зі­л­ген ірі қа­ра мал­дың ер­кек да­ра­ғы­ның (оның ішін­де сүт­ті неме­се сүт­ті-ет­ті ер­кек да­рақ­тар) құ­нын ар­зан­да­ту
    Ті­рі сал­мақ­тың ки­ло­гра­мы
    300
    5.
    Ірі қа­ра мал­ды сою­мен және етін ба­стап­қы өң­де­умен ай­на­лы­са­тын ет өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры­ның сиыр етін өт­кі­зу құ­нын ар­зан­да­ту
    Са­ты­л­ған сиыр еті­нің ки­ло­гра­мы
    175
    Сүт­ті және сүт­ті-ет­ті мал ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Ірі қа­ра мал­дың асыл тұқым­ды ана­лық ба­сын са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    1.1
    Отан­дық
    350 000
    1.2
    Тәу­ел­сіз Мем­ле­кет­тер До­ста­стығы ел­де­рі­нен, Укра­и­на­дан әке­лін­ген
    390 000
    1.3
    Ав­стра­ли­ядан, Сол­тү­стік және Оң­тү­стік Аме­ри­ка ел­де­рі­нен, Еуро­па ел­де­рі­нен әке­лін­ген
    700 000
    2.
    Сүт өн­ді­рі­сі­нің құ­нын ар­зан­да­ту
    Өт­кі­зі­л­ген неме­се өзі­нің өң­деу кә­сі­пор­ны­на неме­се цехы­на ор­ны ауы­сты­ры­л­ған ки­ло­грамм
    2.1
    600 ба­стан ба­ста­ла­тын ба­ғым­да­ғы сиыр­ла­ры бар ша­ру­а­шы­лық­тар
    45
    2.2
    400 ба­стан ба­ста­ла­тын ба­ғым­да­ғы сиыр­ла­ры бар ша­ру­а­шы­лық­тар
    30
    2.3
    Са­ны 50 ба­стан ба­ста­ла­тын ба­ғым­да­ғы сиыр­ла­ры бар ша­ру­а­шы­лық­тар
    20
    2.4
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өн­ді­рі­стік ко­опе­ра­ти­ві
    Өң­деу кә­сі­пор­ны­на неме­се цехы­на өт­кі­зі­л­ген ки­ло­грамм
    20
    3.
    Ірі қа­ра мал эм­бри­он­да­ры­ның са­тып алу құ­нын ар­зан­да­ту
    Да­на
    80 000
    Мал ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Асыл тұқым­дық ор­та­лық­тар­дың, асыл тұқым­ды жа­ну­ар­лар­дың ұры­ғы мен эм­бри­он­да­рын өт­кі­зу жөнiн­де­гi дис­три­бью­тер­лік ор­та­лық­тар­дың және ұрық­тан­ды­ру­шы-тех­ник­тер­дің та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­дің және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­тив­те­рін­де­гі ірі қа­ра мал­дың ана­лық ба­сын қол­дан ұрық­тан­ды­ру бой­ын­ша көр­сет­кен қыз­мет­те­рі­нің құ­нын суб­си­ди­я­лау
    Ағым­да­ғы жы­лы ұрық­тан­ды­ры­л­ған бас
    5 000
    2.
    Сүт­ті/сүт­ті-ет­ті және ет­ті/ет­ті-сүт­ті ба­ғыт­тар­да­ғы асыл тұқым­ды бұ­қа­ның ұры­ғын са­тып алу
    Са­тып алын­ған до­за
    2.1
    бір жы­ны­сты
    10 000
    2.2
    екі жы­ны­сты
    5 000
    Ет­ті құс ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Ата-ене­лік/ата-тек­тік ны­сан­да­ғы асыл тұқым­ды тәу­лік­тік ба­ла­пан­дар­ды са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    600
    2.
    Та­уық етін өн­ді­ру құ­нын тө­мен­де­ту
    Өт­кі­зі­л­ген неме­се өзі­нің өң­деу кә­сі­пор­ны­на неме­се цехы­на ор­ны ауы­сты­ры­л­ған ки­ло­грамм
    2.1
    15 000 тон­на­дан ба­ста­ла­тын нақ­ты өн­ді­ріс
    80
    2.2
    10 000 тон­на­дан ба­ста­ла­тын нақ­ты өн­ді­ріс
    70
    2.3
    5 000 тон­на­дан ба­ста­ла­тын нақ­ты өн­ді­ріс
    60
    2.4
    500 тон­на­дан ба­ста­ла­тын нақ­ты өн­ді­ріс
    50
    Жұ­мырт­қа­лы құс ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Асыл тұқым­ды құ­стар­дан алын­ған жұ­мырт­қа ба­ғы­тын­да­ғы фи­нал­дық ны­сан­да­ғы тәу­лік­тік ба­ла­пан са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    60
    Қой ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Отан­дық асыл тұқым­ды қой ба­сын са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    26 000
    2.
    Им­порт­тал­ған асыл тұқым­ды ана­лық қой ба­сын са­тып алу
    52 000
    3.
    Им­порт­тал­ған асыл тұқым­ды тұқым­дық қош­қар­лар са­тып алу
    260 000
    4.
    Асыл тұқым­ды ұсақ мал­дың тө­лін өсі­ру шы­ғын­да­рын ар­зан­да­ту
    Бас
    4 000
    5.
    Бор­да­қы­лау алаң­да­ры­на бор­да­қы­ла­у­ға неме­се ет өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры­на со­ю­ға өт­кі­зі­л­ген ұсақ мал­дың ер­кек да­ра­ғы­ның құ­нын ар­зан­да­ту
    Са­ты­л­ған бас
    3 000
    5.1
    Бор­да­қы­лау алаң­да­ры­на бор­да­қы­ла­у­ға неме­се ет өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры­на со­ю­ға өт­кі­зі­л­ген ұсақ мал­дың ер­кек да­ра­ғы­ның құ­нын ар­зан­да­ту (мау­сым­дық жет­кі­зі­лім­дер)
    Са­ты­л­ған бас
    7 000
    6.
    Қой эм­бри­он­да­рын са­тып алу құ­нын ар­зан­да­ту
    Да­на
    80 000
    7.
    Асыл тұқым­дық ор­та­лық­тар­дың, асыл тұқым­ды жа­ну­ар­лар­дың ұры­ғы мен эм­бри­он­да­рын өт­кі­зу жөнiн­де­гi дис­три­бью­тер­лік ор­та­лық­тар­дың және ұрық­тан­ды­ру­шы-тех­ник­тер­дің та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер­дің және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­тив­те­рін­де­гі ана­лық қой ба­сын қол­дан ұрық­тан­ды­ру бой­ын­ша көр­сет­кен қыз­мет­те­рі­нің құ­нын суб­си­ди­я­лау
    Ұрық­тан­ды­ры­л­ған бас/ша­ғы­лы­сты­ру мау­сы­мы
    1 500
    8.
    Қай­та өң­де­у­ге өт­кі­зі­л­ген би­я­зы және жар­ты­лай би­я­зы жүн­нің құ­нын ар­зан­да­ту
    8.1.
    Са­па­ның 60 ба­ста­ла­тын жүн
    Өт­кі­зі­л­ген ки­ло­грамм
    200
    8.2.
    Са­па­ның 50 ба­ста­ла­тын жүн
    Өт­кі­зі­л­ген ки­ло­грамм
    150
    9.
    Қай­та өң­де­у­ге өт­кі­зі­л­ген қы­л­шық және жар­ты­лай қы­л­шық жүн­нің құ­нын ар­зан­да­ту
    Өт­кі­зі­л­ген ки­ло­грамм
    25
    Жыл­қы ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Мі­ніс және мі­ніс-же­гін жыл­қы­лар­дың отан­дық тұқым­да­ры­ның асыл тұқым­ды ана­лық ба­сы­мен се­лек­ци­я­лық және асыл тұқым­дық жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу
    Бас/ ша­ғы­лы­сты­ру мау­сы­мы
    20 000
    2.
    Өнім­ді­лік ба­ғы­тын­да­ғы асыл тұқым­ды тұқым­дық ай­ғыр­лар са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    175 000
    3.
    Асыл тұқым­дық ор­та­лық­тар­дың шет ел­дік се­лек­ци­я­ның мі­ніс ба­ғы­тын­да­ғы асыл тұқым­ды тұқым­дық ай­ғыр­лар­ды са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – ЖАО) бел­гі­лей­ді
    4.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да өсі­рі­л­ген мі­ніс және мі­ніс-же­гін жыл­қы­лар тұқым­да­ры­ның асыл тұқым­ды мал ба­сын кү­тіп-ба­ғу­ға жұм­сал­ған шы­ғын­дар­ды өтеу
    Бас/жы­лы­на бір рет
    ЖАО бел­гі­лей­ді
    Түйе ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Асыл тұқым­ды тұқым­дық түй­е­лер са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    175 000
    Шош­қа ша­ру­а­шы­лы­ғы
    1.
    Асыл тұқым­ды шош­қа­лар са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    100 000
    2.
    Ет өң­деу кә­сі­по­рын­да­ры­на неме­се сою пункт­те­ріне өт­кі­зі­л­ген неме­се со­ю­ға ауы­сты­ры­л­ған шош­қа­лар­дың құ­нын ар­зан­да­ту
    Бас
    2 000
    Өңір­лер­дің ерекше­лік­те­рі мен ма­ман­да­нуын ес­ке­ре оты­рып, ЖАО қа­ла­уы бой­ын­ша жер­гі­лік­ті бюд­жет­тен бө­лі­не­тін бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен
    1.
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ба­сы­ның азығ­ы­на жұм­сал­ған шы­ғын­дар құ­нын ар­зан­да­ту
    Бас
    ЖАО бел­гі­лей­ді
    2.
    Еш­кі­лер­дің асыл тұқым­ды ана­лық ба­сын са­тып алу
    Са­тып алын­ған бас
    70 000
    3.
    Бие сү­тін өн­ді­ру мен өң­де­удің құ­нын ар­зан­да­ту
    Ки­ло­грамм
    60
    4.
    Түйе сү­тін өн­ді­ру мен өң­де­удің құ­нын ар­зан­да­ту
    Ки­ло­грамм
    55*
    5.
    Бал өн­ді­рі­сі­нің құ­нын ар­зан­да­ту
    Өт­кі­зі­л­ген ки­ло­грамм
    200
    Асыл тұқымды аталық малды сатып алуды субсидиялау тек тауар өндірушіде (асыл тұқымдық орталықтарды, асыл тұқымды бұқаларды тауарлық табындарға/шаруашылықтарға жалға беретін бордақылау алаңдарын қоспағанда) аналық мал басы болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
    Асыл тұқымды жануарлардың барлық түрлерін (етті бағыттағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын, асыл тұқымды құстан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапанын, асыл тұқымды шошқаларды қоспағанда) сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оның сатып алу құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде субсидияланады.
    Сүтті/сүтті-етті және етті/етті-сүтті тұқымды асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу құнының 50%-на дейін белгіленген нормативтер мөлшерінде субсидияланады.
    «Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату» бағыты бойынша субсидиялар «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған кезде немесе Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтамамен расталған, өңірде азық дайындауға теріс әсер еткен қалыптан тыс ауа райы жағдайлары басталған кезде беріледі. Бұл талап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Ұлытау облысындағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басына қолданылмайды.
    «Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату» бағыты бойынша субсидиялау жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражаты бөлінген және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлінген және/немесе бөлінген бюджет қаражаты жеткілікті болған кезде жүзеге асырылады.
    Ескертпе:
    * жергілікті бюджеттен қосымша бюджет қаражатын бөлу кезінде және/ немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан қайта бөлу кезінде және/немесе бөлінген бюджет қаражаты жеткілікті болған кезде «Түйе сүтін өндіру мен өңдеудің құнын арзандату» бағыты бойынша субсидиялаудың ағымдағы нормативін СМАЖ-да Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрліктің келісуі бойынша бөлінген бюджет қаражатының сомасына байланысты 55 теңгеден 190 теңгеге дейін ұлғайтуға жол беріледі.

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы

    министрі

    2025 жылғы 18 қарашадағы

    № 428

    бұйрығына 2-қосымша

    Асыл тұқымды мал

    шаруашылығын дамытуды, мал

    шаруашылығының өнімділігін

    және өнім сапасын арттыруды

    субсидиялау қағидаларына

    4-2-қосымша

    Нысан

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

    Әкімшілік нысанның атауы: Мал шаруашылығына арналған субсидияны пайдалану туралы ақпарат

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-МШСП

    Кезеңділігі: жылдық

    Есепті кезеңі: 20__ж

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:

    жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде.    

    Бизнес сәйкестендіру нөмірі

    Жинау әдісі: қағаз түрінде.

    Облыс/қала_________________________________________

    Жылы _________________________________________

    Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша коды __________

    Са­ла­ның ата­уы
    Суб­си­дия түр­ле­рі­нің ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Суб­си­ди­я­лау нор­ма­ти­ві, тең­ге
    Бө­лін­ді
    Иге­ріл­ді
    Қал­дық (+/-), тең­ге
    Иге­ріл­меу се­беп­те­рі
    Суб­си­дия кө­ле­мі
    Суб­си­дия со­ма­сы, тең­ге
    (4*5)
    Суб­си­дия кө­ле­мі
    Суб­си­дия со­ма­сы, тең­ге (4*7)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    Атауы_________________________________________________________
    Мекенжайы____________________________________________________
    Телефоны______________________________________________________
    Электрондық почтасының мекенжайы______________________________

    Орындаушы____________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны

    Басшы немесе оның міндеттерін атқарушы адам _____________________

    ____________________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны

    Есептің тапсырылған күні 20 ___ жылғы « » __________

    Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Мал шаруашылығына арналған субсидияны пайдалану туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде

    жинауға арналған «Мал шаруашылығына

    арналған субсидияны пайдалану

    туралы ақпарат» нысанына

    қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Мал шаруашылығына арналған субсидияны пайдалану туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: № 1-МШСП нысан, кезеңділігі: жыл сайын)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Мал шаруашылығына арналған субсидияны пайдалану туралы ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары толтырады және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жібереді.

    3. Нысанға басшы не оның міндеттерін атқарушы адам аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

    4. Нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынады.

    5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    6. Нысанның 1-бағанында субсидияланатын саланың атауы көрсетіледі (етті және етті-сүтті мал шаруашылығы, сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы, мал шаруашылығы, етті және жұмыртқалы құс шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, сондай-ақ «Өңірлердің ерекшеліктері мен мамандануын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдарының қалауы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен» бөлімінде көзделген субсидия түрлері бойынша).

    7. Нысанның 2-бағанында осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген субсидия түрлерінің атауы көрсетіледі.

    8. Нысанның 3-бағанында өлшем бірлігі көрсетіледі (килограмм, бас, дана, доза).

    9. Нысанның 4-бағанында осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген әрбір субсидия түрі бойынша субсидиялау нормативі көрсетіледі.

    10. Нысанның 5-бағанында тиісті субсидия түрлері бойынша жоспарланған көлем көрсетіледі.

    11. Нысанның 6-бағанында тиісті субсидия түрлері бойынша бөлінген бюджет қаражатының сомасы көрсетіледі.

    12. Нысанның 7-бағанында тиісті субсидия түрлері бойынша нақты субсидияланған көлем көрсетіледі.

    13. Нысанның 8-бағанында бөлінген бюджет қаражатының нақты игерілген сомасы көрсетіледі.

    14. Нысанның 9-бағанда игерілмеген бюджет қаражатының қалдығы (бар болса) көрсетіледі.

    15. Нысанның 10-бағанда бюджет қаражатының игерілмеу себептері (игерілмеген қалдық болған жағдайда) көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.