Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия құру туралы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес құрамда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі Қостанай аудандық комиссиясы құрылсын.
2. Осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес Қостанай ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
3. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі
О. Нургалиев
Қостанай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «___» қарашадағы
№ ______ қаулысына
1 - қосымша
Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрамы:
|
Қостанай ауданы әкімінің құқық қорғау қызметінің бағытына жетекшілік ететін орынбасары, Комиссия төрағасы;
|
|
«Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, Комиссия хатшысы.
|
|
Комиссия мүшелері:
|
|
«Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қостанай облысы полиция департаменті Қостанай ауданының полиция бөлімі» ММ бастығының орынбасары (келісім бойынша),
|
|
«Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қостанай облысы полиция департаменті Қостанай ауданының полиция бөлімі» ММ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша).
|
Қостанай ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «___» қарашадағы
№ ____ қаулысына
2 - қосымша
Қостанай ауданы әкімдігінің күшін жоюға жататын қаулыларының тізбесі
1. Қостанай ауданы әкімдігінің «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі Қостанай аудандық комиссиясын құру туралы» 2023 жылғы 23 қазандағы № 916 қаулысы;
2. Қостанай ауданы әкімдігінің «Қостанай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қазандағы «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі Қостанай аудандық комиссиясын құру туралы» № 916 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 248 қаулысы;
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.