Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 19 қараша 2025 ж.
Атырау ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының, 7-тармағына және Атырау облысы Атырау қалалық аумақтық инспекциясы басшысының 2025 жылғы 19 қарашадағы № 08-5/604 И ұсынысы бойынша, Атырау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІМ:
1. Мүйізді ірі қара мал арасында инфекциялық ринотрахеит ауруының пайда болуына байланысты Атырау ауылдық округі территориясына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Атырау ауылдық округінің әкімі
Н. Халмурзин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.