Шалқар ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 қараша 2025 ж.

    Шалқар ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

    Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шалқар ауданында арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданған кезде, салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңі үшін өз бетінше мөлшерлемені қолдану арқылы есептейтін, төлем көзінен ұсталған салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.

    2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы

    Ж. Шамбалаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.