Көше атауын беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қараша 2025 ж.

    Көше атауын беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және Қызылөзен ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Қызылөзен ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Түпқараған ауданы Қызылөзен ауылының Шамшырақ көшесі 2 (екі) бөлікке бөлініп, келесі атаулар берілсін:

    1) Қызылөзен ауылының Шамшырақ көшесінде орналасқан (№1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 13, 14, 15, 16, 33, 34, 35, 37, 38, 40, 41, 43, 45, 46, 52, 53 учаскелер) – бұрынғы «Шамшырақ көшесі» атауымен қалсын;

    2) Қызылөзен ауылының Шамшырақ көшесінде орналасқан (№17, 18/1, 18/2, 19/1, 19/2, 20/1, 20/2, 21, 22, 23, 24, 42, 50, 49, 25, 26, 27, 29, 30, 31, 51, 47, 32, 48 учаскелер) – Ұлы Отан соғысының ардагері Жиенбай Мәтібай есімі берілсін;

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ауыл әкімі

    Т. Күзенбайұлы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.