Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қараша 2025 ж.

    Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы

    Ж. Матаев

    Маңғыстау облыстық мәслихатының

    2025 жылғы 13 қарашадағы

    № 23/272

    шешіміне қосымша

    Маңғыстау облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. «Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4009 болып тіркелген).

    2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 «Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2/19 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4472 болып тіркелген).

    3. «Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 «Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 7/80 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4650-12 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.