Аса ауылының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қазан 2025 ж.

    Аса ауылының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 22 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Аса ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жамбыл ауданы Аса ауылдық округі Аса ауылындағы Жаңа құрылыс 1-көшесіне Әсет Кемпіреков көшесі, Жаңа құрылыс 2-көшесіне Райымбек Тілепов көшесі атаулары берілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аса ауылдық округінің әкімі

    Т. Булекбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.