Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 6 қараша 2025 ж.
Ойыл ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726 - бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойыл ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы
С. Займолдин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.