2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қараша 2025 ж.

    2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 142-бабы 2-тармағына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тариф осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірме Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданады.

    Аудан әкімі

    К. Оспанов

    Әкімдігінің

    2025 жылғы 13 қарашадағы

    № 182 қаулысына

    қосымша

    2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифі

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы
    Қызмет түрі
    Айына 1 қызмет алушыға арналған Тариф (теңгемен)
    Күніне 1 қызмет алушыға арналған Тариф (теңгемен)
    1
    Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    үйде
    64246,23
    2920,3

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.