Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) осы қаулының Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    М. Сұлтанғазиев

    Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы «12» қарашадағы № 333 қаулысына қосымша

    Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

    Р/с
    Тауар атауы
    Өлшем бірлігі
    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының шекті мәндері (теңге)
    1
    Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
    кг
    557
    2
    Бірінші сұрыпты бидай ұны
    кг
    298
    3
    Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
    кг
    281
    4
    Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
    кг
    5
    Рожки (өлшеніп салынатын)
    кг
    355
    6
    Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
    кг
    3954
    7
    Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
    кг
    1706
    8
    Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада
    литр
    528
    9
    Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
    литр
    538
    10
    Сүзбе: майлылығы 5-9%
    кг
    2710
    11
    Тауық жұмыртқасы (I санатты)
    он дана
    712
    12
    Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
    кг
    4930
    13
    Күнбағыс майы
    литр
    1010
    14
    Ақ қауданды қырыққабат
    кг
    217
    15
    Басты пияз
    кг
    180
    16
    Асханалық сәбіз
    кг
    247
    17
    Картоп
    кг
    247
    18
    Ақ қант – құмшекер
    кг
    493
    19
    Ac тұзы («Экстра»-дан басқа)
    кг
    104

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.