Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы әкімдігінің
Ж. Қасымбек
Астана қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 11 қарашадағы
№ 205-4170 қаулысына
қосымша
Астана қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. «Астана қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 1-2553 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29608 болып тіркелген).
2. «Нұр-Сұлтан қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 1-2553 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 18 қазандағы № 514-2236 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1361-01 болып тіркелген).
3. «Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1359-01 болып тіркелген).
4. «Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 205-2794 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1365-01 болып тіркелген).
5. «Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 5 мамырдағы № 205-1289 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекттік тіркеу тізілімінде № 1411-01 болып тіркелген).
6. «Астана қаласының су объектілерінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 5 мамырдағы № 205-1290 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1412-01 болып тіркелген).
___________________________
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.