Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 және «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 сәуір 2025 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 және «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысында:

    көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

    «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамында:

    мына:

    «

    Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі
    -
    Директорлар кеңесінің мүшесі
    »
    деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі
    -
    Директорлар кеңесінің мүшесі
    »;
    2) «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында:
    көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
    «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдар өкілдерінің құрамында:
    «Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі».
    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.