Жылысай ауылдық округінің Жылысай ауылының кейбір атауы жоқ көшелеріне атаулар беру туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Кеген ауылдық округінің Кеген ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 11 маусымдағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:
1. Жылысай ауылдық округінің Жылысай ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
атауы жоқ көшесіне – "Манабаев Тәжібай" көшесі;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жылысай ауылдық округінің әкімі
Р.К.Масенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.