Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қараша 2025 ж.

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері бекітілсін.

    2. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    А. Бекет

    Ақтөбе қаласы әкімдігінің

    2025 жылғы «_6_» __11___

    № _2322_қаулысына

    қосымша

    Бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтері

    Мекемелердің түрлері
    Қызмет алушылардың түрлері
    Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге)
    Кі­ші тү­рі
    Қыз­мет алушы­ның жағ­дайы
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Жартылай стационар
    Ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған ба­ла­лар
    Ор­та­ша және ай­қын
    10045,35
    Пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық па­то­ло­ги­я­сы бар ба­ла­лар
    Ор­та­ша және ай­қын
    16499,50
    2.
    Үй­де қыз­мет көр­се­ту
    2248,19

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.