Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 173 «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау аудандық мәслихатының «Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 173 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8573-04 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешіммен айқындалған Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшерінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Хромтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшері»;
1-тармақтың 7-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне шекті жол берілетін шығыстардың үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.»;
2-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы
Э. Болатов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.