Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оны қалыптастыру өлшемшарттарын бекіту туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қараша 2025 ж.

    Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оны қалыптастыру өлшемшарттарын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 479-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған:

    1) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесі;

    2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін қалыптастыру өлшемшарттары бекітілсін.

    2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

    1) «Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 174 қаулысы;

    2) «Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1125 қаулысы.

    3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесі

    ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды
    Та­у­ар­дың ата­уы*
    9403 30 910 0-ден
    ки­от, ал­тарь­лық шкаф
    9403 30 990 0-ден
    орын­т­ақ­қа ар­нал­ған жа­бу (ал­тарь), ико­но­стас (кар­ка­сты, ико­на­лар жиын­тығ­ын, пат­ша және диа­кон қақ­па­сын, ас­па­лы және еден үсті ки­от­та­рын, би­ік орын­тақ­ты, орын­тақ үсті сень­ді қам­ти­ды), со­ле­я­ға ар­нал­ған то­ры бар ам­вон, құр­бан ша­ла­тын орын, құр­бан ша­ла­тын орын­ға ар­нал­ған жа­бу
    6304 91 000 0-ден 6304 92 000 0-ден 6304 93 000 0-ден 6304 99 000 0-ден
    хо­ругв­тер
    7114-тен
    8306-дан
    ев­ха­ри­сти­я­лық жиын­тық (құ­дай­ға құл­шы­лық ету­ге ар­нал­ған ді­ни ны­шан­да­ры бар ыдыс­тар­ды, по­тир­ді, дис­ко­сты, звез­ди­ца­ны, ко­пи­е­ні, лжи­ца­ны, та­рель­дер­ді, да­ро­хра­ни­тель­ни­ца­ны, да­ро­но­си­ца­ны қам­ти­ды), ку­пель, еван­ге­ли­е­ге ар­нал­ған әле­міш­тер, па­на­гия
    8306 10 000 0-ден
    шір­ке­уде қо­ңы­рау со­ғу­ға ар­нал­ған қо­ңы­рау неме­се қо­ңы­ра­у­лар жиын­тығы (құ­дай­ға құл­шы­лық ету­ге ар­нал­ған)
    4420 90 990 0-ден
    7114-тен
    8306-дан
    ков­чег, аса­та­яқ (құ­дай­ға құл­шы­лық ету­ге ар­нал­ған)
    9403 10 580 9-ден
    жа­на­за үсте­лі
    7114-тен
    8306-дан
    тақ­па­лы крест, күм­без кре­сі, тақ үсті кре­сі, ал­тарь үсті кре­сі, мо­ще­вик-крест (эн­кол­пи­он-крест), ве­нец­тер, ре­ликва­рий
    7114-тен
    8306-дан
    шір­ке­улік шам­дал (ал­тарь­лық, еден үсті­лік)
    8306-дан
    ра­ка, гроб­ни­ца
    9403 30 190 0-ден
    ана­лой
    9401 61 000 0-ден
    шір­ке­улік тақ
    9701-ден
    ико­на (кө­ле­мі 50*50 кем емес)
    4418 29 000 0-ден
    пат­ша және (неме­се) диа­кон қақ­па­сын
    7114-тен 8306-дан
    ка­ди­ло, ка­диль­ни­ца, ла­дан­ка
    *Ескертпе: діни мақсаттағы заттар «Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасын және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифін бекіту туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдерін өзгерту және күші жойылды деп тану туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешіміне сәйкес СЭҚ ТН кодымен және тауардың атауымен айқындалады.
    ___________________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың тізбесін қалыптастыру өлшемшарттары

    Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын діни мақсаттағы заттардың (бұдан әрі – зат) тізбесін қалыптастыру мынадай өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады:

    1) зат ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлердегі діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларда және олардың аумағында қолданылады;

    2) зат құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер жасау не ғибадат үйлерін (ғимараттарын) немесе ғибадат үйлерінен тыс жерлердегі діни іс-шараларды өткізу үшін үй-жайларды сыртқы, ішкі безендіруге арналған;

    3) зат діни бірлестіктің тиісті ұстанатын дініне қатысты;

    4) затты тиісті діни бірлестік сатып алған;

    5) бір заттың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асады.

    ___________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.