Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қараша 2025 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабының 5-1-тармағына және 69-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабын негізге ала отырып, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «BRAGA group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Кентау қаласы, Қарнақ ауылы аумағынан «Қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін» жалпы алаңы 3105,7175 гектар жер учаскесін меншiк иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймастан 4 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін

    2. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзімде «BRAGA group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сервитут белгіленген жер учаскелерінің меншiк иелері және жер пайдаланушыларымен сервитутты белгілеу туралы шарт жасассын.

    3. «BRAGA group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.

    4. «Кентау қаласының әкімдігінің «Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

    5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Төлепов жүктелсін.

    6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    Ж.Тасов

    Кентау қаласы әкімдігінің

    2025 жылғы «_06_» қарашадағы

    №__509__ қаулысына қосымша

    Кадастрлық нөмірі
    құқық түрі
    Нысаналы мақсаты
    Жер учаскесінің санаты
    Жалпы жер көлемі (га.)
    сервитутқа кіретін бөлігі (га.)
    1
    193040011746
    для ведения крестьянского хозяйства
    уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану
    Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
    3000 га жайылым
    1178,3788
    2
    193040012066
    для ведения фермерского или крестьянского хозяйства
    уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану
    Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
    60 га жайылым
    3,4741
    3
    193040012535
    для ведения крестьянского хозяйства
    уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану
    Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
    50 га жайылым
    27,9613
    4
    193040012680
    для общего пастбища
    тұрақты жер пайдалану
    Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
    926 га жайылым
    622,3378
    5
    193040012805
    для ведения сельскохозяйственного производства
    уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану
    Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
    42 га жайылым
    41,9647
    ЖАЛПЫ:
    4078.0 жайылым
    1874.1167

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.