«Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 371 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 қараша 2025 ж.

    «Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 371 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың құрамдастарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 371 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32537 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы

    И. Шархан

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.