«Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 және «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қазан 2025 ж.

    «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 және «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1) «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Шымкент қаласының аумағында орналасқан.

    АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.

    АЭА–ның аумағы Шымкент халықаралық әуежайын қоса алғанда, 529,0001 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;

    «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    2) «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 758 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Qyzyljar» АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.

    «Qyzyljar» АЭА аумағы 622,3 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.».

    «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    1-қосымша

    «Оңтүстік» арнайы

    экономикалық аймағы

    туралы ережеге

    қосымша

    «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары

    «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы

    S = 529,0001 га

    ___________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2017 жылғы 6 қазандағы

    № 624 қаулысымен

    бекітілген

    «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

    Р/с №
    Мақ­сат­тар, мін­дет­тер және көр­сет­кіш­тер
    Өл­шем бір­лі­гі*
    Ба­за­лық ке­зең (2019 жыл)
    2020 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
    2025 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
    2030 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
    Ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
    Ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
    Ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    1.
    Ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы кө­ле­мі, оның ішін­де:
    млрд
    тең­ге
    29,6
    38,6
    60,5
    84,2
    1.1
    ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі
    млрд
    тең­ге
    2,5
    4,5
    7,3
    10
    1.2
    отан­дық ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі
    млрд
    тең­ге
    27,1
    28,5
    53,2
    74,2
    2.
    Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­мақ ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі
    млрд
    тең­ге
    53,9
    72
    147
    253
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    3.
    Өңір эко­но­ми­ка­сы­ның ши­кі­заттық емес сек­то­ры­на ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жыл сай­ын­ғы өсі­мі (өң­де­у­ші өнер­к­ә­сіп)
    %
    0,1
    0,3
    0,3
    0,3
    4.
    Қа­ты­су­шы­лар са­ны
    ком­па­ни­я­лар
    33
    40
    50
    55
    5.
    Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­мақ ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
    адам
    1500
    3500
    4500
    5500
    6.
    Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­мақ ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі қа­зақ­стан­дық қам­ту үле­сі
    %
    70
    70
    80
    85
    7.
    Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­мақ ау­ма­ғын­да­ғы жал­пы өн­ді­ріс кө­ле­мін­де­гі өнім экс­пор­ты­ның үле­сі
    %
    50
    50
    60
    70
    * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
    ____________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    3-қосымша

    «Qyzyljar» арнайы

    экономикалық аймағы

    туралы ережеге

    қосымша

    «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары

    «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Qyzyljar» АЭА) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан (№ 1 субаймақ – 15 га, № 2 субаймақ –7,3 га, № 3 субаймақ –160 га, № 4 субаймақ – 30 га, № 5 субаймақ – 150 га, № 6 субаймақ – 200 га, № 7 субаймақ – 60 га).

    «Qyzyljar» АЭА жалпы ауданы – 622,3 га.

    «Qyzyljar» АЭА № 1 қосалқы аймағы.

    Аумақ қала орталығында орналасқан, Парковая көшесі. Ауданы – 15 га.

    «Qyzyljar» АЭА № 2 қосалқы аймағы.

    Аумақ Береке шағын ауданында орналасқан, Нефтепроводная көшесі. Ауданы – 7,3 га.

    «Qyzyljar» АЭА № 3 қосалқы аймағы.

      Аумақ айналма жол ауданында орналасқан, Промышленная көшесі, ЖЭО 2. Ауданы – 160 га.

    «Qyzyljar» АЭА № 4 қосалқы аймағы.

    Аумақ Шығыс шағын ауданында орналасқан. Ауданы – 30 га.

    «Qyzyljar» АЭА № 5 қосалқы аймағы.

    Аумақ Петропавл қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан, Теплые Кусты көшесі. Ауданы – 150 га.

    «Qyzyljar» АЭА № 6 қосалқы аймағы.

    Аумақ Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінде орналасқан. Ауданы – 200 га.

    «Qyzyljar» АЭА № 7 қосалқы аймағы.

    Аумақ Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишимка ауылдық округінің Новоишимка ауылында орналасқан. Ауданы – 60 га.

    ____________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    4-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2019 жылғы 11қазандағы

    № 758 қаулысымен

    бекітілген

    «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

    Р/с №
    Мақ­сат­тар, мін­дет­тер және көр­сет­кіш­тер
    Өл­шем бір­лі­гі*
    Ба­за­лық ке­зең
    (2019 жыл)
    2024 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    2029 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    2034 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    2039 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    2044 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    1.
    Тар­ты­л­ған ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы кө­ле­мі, оның ішін­де:
    млрд тең­ге
    21
    175
    225,55
    227,6
    228
    229
    1.1
    ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі
    млрд тең­ге
    16
    158
    98,157
    100,2
    100,2
    101,2
    1.2
    отан­дық ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі
    млрд тең­ге
    5
    17
    127,4
    127,4
    128,4
    128,4
    2.
    АЭА ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі
    млрд тең­ге
    -
    4,5
    250
    260
    265
    270
    3.
    Қа­ты­су­шы­лар са­ны
    ком­па­ни­я­лар
    1
    15
    22
    24
    26
    28
    4.
    Қо­сал­қы қыз­мет түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын адам­дар­дың са­ны
    адам
    10
    23
    29
    35
    41
    47
    5.
    АЭА ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
    адам
    300
    1 000
    2 641
    2680
    2 800
    3 000
    6
    АЭА ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі қа­зақ­стан­дық қам­ту үле­сі
    %
    30
    55
    65
    75
    75
    85
    * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
    _________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.