Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекіту туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 қараша 2025 ж.

    Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекіту туралы

    «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар (бұдан әрі – шаралар) бекітілсін.

    2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), өзге де ұйымдар (келісу бойынша) шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін, сондай-ақ жартыжылдықта бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

    3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (келісу бойынша) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-ы күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына шаралардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 20 қарашада қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысымен

    бекітілген

    Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар

    Р/с№
    Жо­ба­ның/іс-ша­ра­ның ата­уы
    Нәти­же (жо­ба үшін)/Аяқ­тау ны­са­ны (іс-ша­ра үшін)
    Аяқ­тау мер­зі­мі
    Нәти­же­ге жа­у­ап­ты­лар
    Бо­лжа­на­тын шы­ғы­стар (мың тең­ге)
    Қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    1
    Ақ­ша­лай қа­ра­жат­ты шы­ға­ру және қол­ма-қол ақ­ша­ға ай­нал­ды­ру схе­ма­ла­рын­да жал­ған тұ­лға­лар­ды (дроп) пай­да­ла­ну ти­по­ло­ги­я­сын әзір­леу, сон­дай-ақ ти­по­ло­ги­я­ны прак­ти­ка­лық қыз­мет­ті есеп­ке алу және іш­кі ба­қы­лау ша­ра­ла­рын кү­шей­ту үшін ЕДБ-ге жет­кі­зу
    ти­по­ло­гия
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ҚНР­ДА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    2
    ЕДБ үшін дроп­тар­дың бел­гі­ле­рі бар опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша кү­дік­ті­лік бел­гі­ле­рін ай­қын­дау
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг агент­ті­гі тө­ра­ға­сы­ның 2022 жы­л­ғы 22 ақ­пан­да­ғы № 13 бұй­ры­ғы­на өзге­рі­стер ен­гі­зу
    2026 жы­л­ғы
    на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ҚНР­ДА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    3
    Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен қар­жы ұй­ым­да­ры­ның қа­ты­суы­мен «Дроп1 бол­ма!» ат­ты ақ­па­рат­тық на­у­қан өт­кі­зу
    жа­ри­я­ла­ным­дар
    қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай, бі­рақ жар­ты жыл­да ке­мін­де 1 рет
    МАМ, ІІМ, ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    4
    КЖ схе­ма­ла­рын анық­тау мақ­са­тын­да жал­ған сырт­қы эко­но­ми­ка­лық шар­ттар бой­ын­ша ақ­ша­ны ше­тел­ге шы­ға­ру­мен бай­ла­ны­сты опе­ра­ци­я­лар­ға стра­те­ги­я­лық тал­дау жүр­гі­зу
    тал­дау
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), Қар­жы­ми­ні
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    5
    Та­у­ар­лар­ды нақ­ты әкел­ген­ге дей­ін 100 % ал­дын ала тө­лем­ді көз­дей­тін сырт­қы эко­но­ми­ка­лық ке­лі­сім­шар­ттар­ға са­лық­тық ба­қы­ла­уды кү­шей­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар әзір­леу
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің Ап­па­ра­ты­на ұсы­ны­стар
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), Қар­жы­ми­ні
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    6
    ЕДБ үшін ка­пи­тал­ды жал­ған экс­порт­тық-им­порт­тық шар­ттар ар­қы­лы шы­ға­ру­мен; жұ­мыстар­ды іс жү­зін­де орын­да­май, қыз­мет­тер көр­сет­пей неме­се та­у­ар­лар­ды жө­нелт­пей, шот-фак­ту­ра жа­зу­мен бай­ла­ны­сты опе­ра­ци­я­лар­дың эко­но­ми­ка­лық орын­ды­лы­ғын бо­луын анық­тау және тал­дау бой­ын­ша ұсы­ным­дар­ды әзір­леу
    әді­сте­ме­лік ұсы­ным­дар
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), Қар­жы­ми­ні
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    7
    Ақ­ша қа­ра­жа­тын қол­ма-қол ақ­ша­ға ай­нал­ды­ру жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­дың ҚМА-ға ақ­па­рат түспей­тін түр­ле­ріне тал­дау жүр­гі­зу
    тал­дау
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    8
    Қыл­мыстық жол­мен алын­ған ақ­ша­ны қол­ма-қол ақ­ша­ға ай­нал­ды­ру­ды есеп­теу әді­сте­ме­сін әзір­леу
    әді­сте­ме
    2026 жы­л­ғы
    на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    9
    Қыл­мыстық жол­мен алын­ған ақ­ша­ны қол­ма-қол ақ­ша­ға ай­нал­ды­ру бой­ын­ша есеп­ке алу ны­сан­да­рын әзір­леу және ста­ти­сти­ка­ны жүр­гі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру
    бұй­рық жо­ба­сы
    2026 жы­л­ғы
    на­урыз
    БП ҚСжА­ЕК (ке­лі­су бой­ын­ша), ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    10
    Бе­кі­ті­л­ген есеп­теу әді­сте­ме­сі негі­зін­де қыл­мыстық жол­мен алын­ған ақ­ша­ны қол­ма-қол ақ­ша­ға ай­нал­ды­ру кө­ле­міне тұ­рақ­ты мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу ме­ха­низ­мін ен­гі­зу
    есеп
    жар­ты жыл­да 1 рет
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    11
    ЕДБ үшін ақ­ша­ны қол­ма-қол ақ­ша­ға ай­нал­ды­ру­мен бай­ла­ны­сты опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша кү­дік­ті­лік бел­гі­ле­рін ай­қын­дау
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг агент­ті­гі тө­ра­ға­сы­ның 2022 жы­л­ғы 22 ақ­пан­да­ғы № 13 бұй­ры­ғы­на өзге­рі­стер ен­гі­зу
    2026 жы­л­ғы
    на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ҚНР­ДА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    12
    Жал­ған қары­здар­ды анық­тау және олар­ға қар­сы іс-қи­мыл мақ­са­тын­да кли­ент­тер­дің мәмі­ле­ле­рі бой­ын­ша, со­ның ішін­де қарыз бе­ру­мен, олар­дың со­ма­ла­ры­мен, өтеу кесте­ле­рі­мен және қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі­мен бай­ла­ны­сты мәмі­ле­лер бой­ын­ша ЕДБ үшін кү­дік­ті­лік бел­гі­ле­рін ай­қын­дау
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг агент­ті­гі тө­ра­ға­сы­ның 2022 жы­л­ғы 22 ақ­пан­да­ғы № 13 бұй­ры­ғы­на өзге­рі­стер ен­гі­зу
    2026 жы­л­ғы
    на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ҚНР­ДА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    13
    Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рі үшін қол­ма-қол ақ­ша­лай қа­ра­жат­ты өт­кі­зу ке­зін­де КЖ бел­гі­ле­рін та­ну бой­ын­ша тре­нинг­тер өт­кі­зу
    тре­нинг
    тоқ­сан сай­ын
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), Қар­жы­ми­ні
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    14
    АХ­ҚО ау­ма­ғын­да цифр­лық ак­тив­тер­ді пай­да­ла­ну­мен бай­ла­ны­сты КЖ/ТҚ ТСБ жүр­гі­зу
    ТСБ ту­ра­лы есеп
    2026 жы­л­ғы
    ақ­пан
    АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰБ (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    15
    Цифр­лық ак­тив­тер­ді қыл­мыстық мақ­сат­та пай­да­ла­ну­мен бай­ла­ны­сты қыл­мыстық іс­тер­дің ста­ти­сти­ка­лық есе­бін қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар­дың түр­ле­рін нақ­ты­лай оты­рып және опе­ра­ци­я­лар­дың кө­лем­де­рін көр­се­те оты­рып жүр­гі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру
    бұй­рық жо­ба­сы
    2026 жы­л­ғы
    мау­сым
    БП ҚСжА­ЕК (ке­лі­су бой­ын­ша), ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ІІМ, ҰҚК (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    16
    Бас­қа юрис­дик­ци­я­лар­да тір­кел­ген ли­цен­зи­я­лан­ба­ған ЦАҚП-ты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да қыз­ме­тін жү­зе­ге асыр­ға­ны үшін жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ту мә­се­ле­сін қа­рас­ты­ру
    есеп
    2026 жы­л­ғы
    на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), Қар­жы­ми­ні, ҰБ (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    17
    Цифр­лық ак­тив­тер­дің заң­сыз ай­на­лы­мы­м­ен бай­ла­ны­сты опе­ра­ци­я­лар­ды анық­тау бой­ын­ша кү­дік­ті опе­ра­ци­я­лар­дың өл­шем­шар­тта­рын өзек­тен­ді­ру
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг агент­ті­гі тө­ра­ға­сы­ның 2022 жы­л­ғы 22 ақ­пан­да­ғы № 13 бұй­ры­ғы­на өзге­рі­стер ен­гі­зу
    2026 жы­л­ғы
    на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ЖИЦДМ, АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰБ (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    18
    Цифр­лық ак­тив­тер­дің заң­сыз ай­на­лы­мы­м­ен бай­ла­ны­сты опе­ра­ци­я­лар­ды анық­тау жө­нін­де­гі ти­по­ло­ги­я­ны өзек­тен­ді­ру
    ти­по­ло­гия
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ЖИЦДМ, АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰБ (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    19
    Тү­сін­ді­ру жұ­мыста­ры­на са­рап­шы­лар­ды тар­та оты­рып, ме­диа және әле­умет­тік же­лі­лер ар­қы­лы цифр­лық ак­тив­тер­ді пай­да­ла­на оты­рып КЖ/ТҚ тәу­е­кел­де­рі ту­ра­лы ауқым­ды ақ­па­рат­тық на­у­қан өт­кі­зу
    БАҚ-та, әле­умет­тік же­лі­лер­де жа­ри­я­ла­ным­дар
    жар­ты жыл­да 1 рет
    МАМ, ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ЖИЦДМ, АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰБ (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    20
    ҚМС үшін крип­то­ва­лю­та­ны пай­да­ла­на оты­рып КЖ/ТҚ тәу­е­кел­де­рі ту­ра­лы ха­бар­дар­лық дең­гей­ін арт­ты­ру бой­ын­ша се­ми­нар­лар мен кур­стар өт­кі­зу
    оқы­ту кур­сы
    жар­ты жыл­да 1 рет
    AML Academy (ке­лі­су бой­ын­ша), ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ЖИЦДМ, АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰБ (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    21
    Мо­биль­дік құ­ры­л­ғы­лар­ға ар­нал­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­ты­лым­дар­ды (AppStore және PlayMarket) та­ра­ту­дың цифр­лық плат­фор­ма­ла­рын­да ор­на­лас­қан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ли­цен­зи­я­лан­ба­ған ЦАҚП қо­сым­ша­ла­рын бұ­ғат­та­уды қам­та­ма­сыз ету
    қо­сым­ша­лар­ды бұ­ғат­тау
    2026 жы­л­ғы
    на­урыз
    МАМ, ЖИЦДМ, ҰҚК (ке­лі­су бой­ын­ша), АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰБ (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    22
    Тәу­е­кел­ді крип­то-әми­ян­дар ті­зі­лі­мін қа­лып­та­сты­ру­ды ре­гла­мент­тей­тін бір­лес­кен бұй­рық­ты әзір­леу
    тәу­е­кел­ді әми­ян­дар­дың ті­зі­лі­мі
    2026 жы­л­ғы
    жел­тоқ­сан
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰҚК (ке­лі­су бой­ын­ша), ІІМ, АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша), ЖИЦДМ, ҰБ (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    23
    КЖ-нің әле­ует­ті тәу­е­кел­де­рін анық­тау мақ­са­тын­да ақ­па­рат ҚМА-ға жол­да­на­тын жы­л­жы­май­тын мү­лік­пен жа­са­ла­тын но­та­ри­ат­тық мәмі­ле­лер­ге тал­дау жүр­гі­зу
    тал­дау
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    24
    ҚМС үшін аудан­ды, жы­л­жы­май­тын мү­лік тү­рін, ауда­нын және бас­қа па­ра­метр­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің на­рық­тық ба­ға­сын қа­да­ға­лау бө­лі­гін­де ұсы­ным­дар әзір­леу
    әді­сте­ме­лік ұсы­ным­дар
    2026 жы­л­ғы
    на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    25
    Жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рі­нің нақ­ты ие­ле­рі­нің және мәмі­ле­лер­ді қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі­нің сәй­кест­і­гін тек­се­ру бой­ын­ша іш­кі рә­сім­дер­ді ерік­ті түр­де ен­гізу­ге жәр­дем­де­су мақ­са­тын­да ЕДБ және ри­эл­тор­лар үшін жы­л­жы­май­тын мү­лік­пен жа­са­ла­тын опе­ра­ци­я­лар­мен бай­ла­ны­сты тәу­е­кел­дер ту­ра­лы ха­бар­дар­лық­ты арт­ты­ру­ға ба­ғыт­тал­ған әді­сте­ме­лік ұсы­ным­дар әзір­леу
    әді­сте­ме­лік ұсы­ным­дар
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    26
    КЖ-мен бай­ла­ны­сты жы­л­жы­май­тын мү­лік ту­ра­лы де­ректер­ді жи­нау және тал­дау жүр­гі­зу
    тал­дау
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    27
    Жы­л­жы­май­тын мү­лік сек­то­ры­ның қыл­мыстық схе­ма­лар­ға осал тұ­ста­рын ба­ға­лау үшін негіз­гі ин­ди­ка­тор­лар­ды әзір­леу
    бұй­рық жо­ба­сы
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    28
    Де­кла­ра­ци­я­лан­ған неме­се рас­тал­ған заң­ды кі­рі­стер бол­ма­ған кез­де эли­та­лық жы­л­жы­май­тын мү­лік са­тып алу ар­қы­лы негіз­сіз бай­лық бел­гі­ле­рін анық­тау әді­сте­ме­сін әзір­леу
    әді­сте­ме
    2026 жы­л­ғы
    қа­зан
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    29
    Негіз­сіз бай­лық бел­гі­ле­рі және рас­тал­ған кі­рі­стер бол­ма­ған кез­де са­тып алын­ған эли­та­лық жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рі­нің ста­ти­сти­ка­лық есе­бін жүр­гі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру
    бұй­рық жо­ба­сы
    2026 жы­л­ғы мау­сым
    БП ҚСжА­ЕК (ке­лі­су бой­ын­ша), ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ІІМ, ҰҚК (ке­лі­су бой­ын­ша), БП АҚК (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    30
    КЖ-нің әле­ует­ті тәу­е­кел­де­рін анық­тау мақ­са­тын­да олар бой­ын­ша ҚМА-ға ақ­па­рат жі­бе­ріл­мей­тін ба­ға­лы ме­тал­дар­мен, та­стар­мен және олар­дан жа­сал­ған зер­гер­лік бұй­ым­дар­мен жа­са­ла­тын мәмі­ле­лер­ге тал­дау жүр­гі­зу
    тал­дау
    2026 жы­л­ғы мау­сым
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    31
    Кли­ент­тер­дің ре­сми кі­рі­сте­рін са­лы­сты­ру­ға, сон­дай-ақ кли­ент­тер­ді және мәмі­ле­лер­ді қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рін тек­се­ру рә­сім­де­рін кү­шей­ту­ге ба­ғыт­тал­ған тек­се­ру­лер­ді жүр­гі­зу бой­ын­ша іш­кі рә­сім­дер­ді ерік­ті ен­гізу­ге жәр­дем­де­су мақ­са­тын­да ба­ға­лы ме­тал­дар­дың, та­стар­дың және зер­гер­лік ком­па­ни­я­лар­дың опе­ра­тор­ла­ры үшін әді­сте­ме­лік ұсы­ным­дар­ды әзір­леу
    әді­сте­ме­лік ұсы­ным­дар
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    32
    Ба­ға­лы ме­тал­дар­дың, та­стар­дың опе­ра­тор­ла­ры­ның және зер­гер­лік ком­па­ни­я­лар­дың қыз­ме­т­ін­де ба­ға­лы ме­тал­дар­ды, та­стар мен зер­гер­лік бұй­ым­дар­ды кри­ми­нал­дық жол­мен пай­да­ла­ну, сон­дай-ақ қол­ма-қол қа­ра­жат кө­ле­мі­нің ста­ти­сти­ка­сын есеп­теу әді­сте­ме­сін әзір­леу
    бұй­рық жо­ба­сы
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    33
    Ба­ға­лы ме­тал­дар­дың, та­стар­дың опе­ра­тор­ла­ры­ның және зер­гер­лік ком­па­ни­я­лар­дың қыз­ме­т­ін­де ба­ға­лы ме­тал­дар­ды, та­стар мен зер­гер­лік бұй­ым­дар­ды кри­ми­нал­дық жол­мен пай­да­ла­ну, сон­дай-ақ қол­ма-қол қа­ра­жат кө­ле­мін есеп­ке алу ны­сан­да­рын әзір­леу және ста­ти­сти­ка­сын жүр­гі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру
    бұй­рық жо­ба­сы
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    БП ҚСжА­ЕК (ке­лі­су бой­ын­ша), ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    34
    Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген жағ­дай­лар­да ҚМА-ға ха­бар­ла­ма­лар­ды жі­бе­ру мін­дет­ті­лі­гі ту­ра­лы ба­ға­лы ме­тал­дар­дың опе­ра­тор­ла­рын ха­бар­дар ету жө­нін­де­гі жұ­мысты ұй­ым­да­сты­ру
    қа­был­дан­ған ша­ра­лар ту­ра­лы есеп
    тоқ­сан сай­ын
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    35
    Сән-сал­та­нат­ты заттар­мен опе­ра­ци­я­лар жа­сау үшін бі­ре­гей код­ты анық­тау
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг агент­ті­гі тө­ра­ға­сы­ның 2022 жы­л­ғы 22 ақ­пан­да­ғы № 13 бұй­ры­ғы­на өзге­рі­стер ен­гі­зу
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сіне тү­зе­ту­лер­дің кү­шіне ену қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    36
    Сән-сал­та­нат­ты заттар­ды са­тып алу­мен және са­ту­мен бай­ла­ны­сты мәмі­ле­лер­ге мо­ни­то­ринг­ті кү­шей­ту
    есеп
    тоқ­сан сай­ын
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    37
    Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын са­тып алу-са­ту­мен бай­ла­ны­сты опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша кү­дік­ті­лік бел­гі­ле­рін ай­қын­дау
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг агент­ті­гі тө­ра­ға­сы­ның 2022 жы­л­ғы 22 ақ­пан­да­ғы № 13 бұй­ры­ғы­на өзге­рі­стер ен­гі­зу
    2026 жы­л­ғы
    на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    38
    ФАТФ-тің жа­ңар­ты­л­ған 24-Ұ. және 25-Ұ. сәй­кес КЖ қыл­мыстық схе­ма­ла­рын­да ЗТ-ны және ше­тел­дік құ­ры­лым­дар­ды ЗТ құр­май пай­да­ла­ну­ға ТСБ жүр­гі­зу
    ТСБ есе­бі
    2026 жы­л­ғы
    на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), Қар­жы­ми­ні, «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» КЕ­АҚ (ке­лі­су бой­ын­ша), АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    39
    КЖ/ТҚ мақ­са­тын­да ЗТ құр­май ше­тел­дік құ­ры­лым­дар­ды, ЗТ-ны ық­ти­мал пай­да­ла­ну­мен бай­ла­ны­сты опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша кү­дік­ті­лік бел­гі­ле­рін ай­қын­дау
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг агент­ті­гі тө­ра­ға­сы­ның 2022 жы­л­ғы 22 ақ­пан­да­ғы № 13 бұй­ры­ғы­на өзге­рі­стер ен­гі­зу
    2026 жы­л­ғы
    мау­сым
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    40
    Тәу­е­кел­ге бей­ім­дел­ген тә­сіл негі­зін­де ЗТ-ны КЖ-ға тар­ту тәу­е­кел­де­рін ба­ға­лау үшін олар­дың про­фи­лін әзір­леу
    әді­сте­ме­лік ұсы­ным­дар
    2026 жы­л­ғы
    мау­сым
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    41
    Траст­тар­ды КЖ қыл­мыстық мақ­сат­та­ры үшін пай­да­ла­ну­мен бай­ла­ны­сты ти­по­ло­ги­я­лар­ды әзір­леу
    ти­по­ло­гия
    2026 жы­л­ғы
    на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), АХ­ҚО (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    42
    Ой­ын биз­не­сін ұй­ым­да­сты­ру­шы­лар­дың ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­де­рін ин­те­гра­ци­я­лау ар­қы­лы бе­ру­ге жа­та­тын мә­лі­мет­тер­ді ке­ңей­ту
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг агент­ті­гі тө­ра­ға­сы­ның 2024 жы­л­ғы 6 жел­тоқ­сан­да­ғы № 9 бұй­ры­ғы­на то­лық­ты­ру ен­гі­зу
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ТСМ, ЖИЦДМ
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    43
    ЖҚҚТҚ-ның ал­дын алу және ЖҚҚТҚ-ға қар­сы іс-қи­мыл­дың рет­те­у­ші ме­ха­низмде­рін же­тіл­ді­ру бой­ын­ша ти­ім­ді стра­те­ги­я­ны әзір­леу
    2025-2027 жыл­дар­ға ар­нал­ған іс-ша­ра­лар жос­па­ры
    2027 жы­л­ғы
    жел­тоқ­сан
    АЭА (ке­лі­су бой­ын­ша), ӨҚМ, ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша), ҰҚК (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    44
    ЖҚҚТҚ-ға қар­сы іс-қи­мыл мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша оқы­ту кур­сын әзір­леу
    оқы­ту кур­сы
    2026 жы­л­ғы на­урыз
    AML Academy (ке­лі­су бой­ын­ша), ҚМА (ке­лі­су бой­ын­ша)
    та­лап етіл­мей­ді
    та­лап етіл­мей­ді
    _________________________
    1Дроп – үшінші тұлғаға өзінің банктік шотына және (немесе) электрондық төлем құралына қолжетімділік берген, сол сияқты өзінің төлем құралдарын үшінші тұлғаға, оның ішінде олардың құқыққа қарсы операцияларда рұқсатсыз пайдаланылуына әкеп соққан материалдық сыйақы үшін пайдалануға берген адам

    Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

    «Атамекен» ҰКП
    «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы
    АХҚО
    «Астана» халықаралық қаржы орталығы
    АЭА
    Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
    БП АҚК
    Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті
    БП ҚСжАЕК
    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
    ЕДБ
    екінші деңгейдегі банктер
    ЖИЦДМ
    Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
    ЖҚҚТҚ
    жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру
    ЗТ
    заңды тұлғалар
    КЕАҚ
    коммерциялық емес акционерлік қоғам
    КЖ/ТҚ
    кірістерді жылыстату/терроризмді қаржыландыру
    КЖ/ТҚҚ
    қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл
    Қаржымині
    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
    ҚМА
    Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
    ҚМС
    қаржылық мониторинг субъектілері
    ҚНРДА
    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
    МАМ
    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
    ӨҚМ
    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    ТСБ
    тәуекелдерді секторлық бағалау
    ТСМ
    Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі
    ҰБ
    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
    ҰҚК
    Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
    ФАТФ
    Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы
    ЦАҚП
    цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері
    ІІМ
    Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
    AML Academy
    AML Academy қаржылық мониторинг академиясы
    __________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.