«Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 қараша 2025 ж.

    «Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы №1023 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12804 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасына сәйкес әзірленді.»;

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Құжаттар топтамасымен өтінім келіп түскен күні көрсетілетін қызмет беруші тіркеуді жүзеге асырады және орындаушыны тағайындайды.

    Өтінімді және құжаттарды қарау мерзімі өтінім тіркелген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

    Көрсетілетін қызмет алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызмет беруші тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді одан әрі қарау туралы еркін нысанда бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) туралы дәлелді жауап жолдайды.

    Орындаушы ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

    Құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге тексеру жүргізу туралы шешім жолдайды.

    Тексеру жүргізу үшін шешім қабылданған сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторлары қатарынан Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.»;

    8-тармақ алып тасталсын;

    14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «14. Ұшу қауіпсіздігін әуе кемесінің командирі (ұшқышы) және жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы болып табылатын әуе кемесінің иесі қамтамасыз етеді.»;

    3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3-тарау. Ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданысын тоқтата тұру, оны қайтадан бастау, ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке өзгерістер енгізу»;

    мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2, 20-3, 20-4, 20-5, 20-6 және 20-7-тармақтармен толықтырылсын:

    «20-1. Уәкілетті ұйым ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті мынадай жағдайларда қайтарып алады:

    1) ұсынылған құжаттарды бұрмалау жолымен ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті алу, пайдаланушының сәйкестікті сақтау;

    2) заңсыз әрекеттер жасау немесе ұшуды орындау құқығына куәлікті заңсыз пайдалану;

    3) өтініш берушінің ұшуына тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі;

    4) осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайда.

    5) пайдаланушының жазбаша өтініші.

    Уәкілетті ұйым пайдаланушыны отыз жұмыс күні ішінде ұшуды орындау құқығына куәлікті қайтарып алу мүмкіндігі туралы хабардар етеді.

    20-2. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке өзгерістер пайдаланушының өтініші бойынша енгізіледі.

    Пайдаланушының атауы өзгерген, бірдей типтегі әуе кемесін пайдалану тоқтатылған, сондай-ақ әуе кемесін пайдаланушы меншік құқығына немесе экипажсыз жалға алған жағдайда пайдаланушы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұшуларды орындау құқығына арналған куәлікке өзгерістер енгізуге өтінім жібереді және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағында келтірілген құжаттардың тізбесін қоса береді.

    20-3. Уәкілетті ұйым өтінішті алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке және/немесе пайдаланушының пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер енгізеді.

    20-4. Пайдаланушы бұрын өзі пайдаланбаған басқа үлгідегі әуе кемелерін меншігіне немесе экипажсыз жалға алған жағдайда, уәкілетті ұйым өтінішті алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:

    1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ұсынылған құжаттардың тізбесін қарайды;

    2) енгізілетін өзгерістерге қатысты пайдаланушыны тексеруді жүргізеді.

    Нәтижелері бойынша ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке және/немесе пайдаланушының пайдалану ерекшеліктеріне тиісті өзгерістер енгізіледі.

    20-5. Мәлімделген әуе кемесін ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің пайдалану ерекшеліктеріне енгізуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі;

    2) мәлімделген әуе кемесі басқа пайдаланушының сертификаттың (куәліктің) пайдалану ерекшеліктеріне енгізілген.

    20–6. Уәкілетті ұйым өтінім берілген әуе кемесін ұшуды орындау құқығына арналған куәлікке қосудан бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беріледі.

    20-7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

    Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.»;

    2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Көлік министрі

    Н. Сауранбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Көлік министрі

    2025 жылғы 5 қарашадағы

    № 361

    Бұйрыққа 1-қосымша

    Жалпы мақсаттағы

    авиацияны

    пайдаланушылардың

    ұшуларына рұқсат беру

    қағидаларына

    2-қосымша

    «Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру» (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы: «Ұшу­лар­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік бе­ру» (жал­пы мақ­сат­та­ғы авиа­ци­я­ны пай­да­ла­ну­шы)».
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­рі:
    1) пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы өзгер­ген, әуе ке­ме­сін пай­да­ла­ну тоқ­та­ты­л­ған, сон­дай-ақ бір­дей тип­те­гі әуе ке­ме­сін пай­да­ла­ну­шы мен­шік құқы­ғы­на неме­се эки­паж­сыз жал­ға ал­ған жағ­дай­да, ку­ә­лік­ке және/неме­се пай­да­ла­ну­шы­ның пай­да­ла­ну ерекше­лік­те­ріне өзге­рі­стер ен­гі­зу;
    2) бас­қа тип­те­гі әуе ке­ме­сін пай­да­ла­ну­шы мен­шік құқы­ғы­на неме­се эки­паж­сыз жал­ға ал­ған жағ­дай­да ұшу­лар­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік­ке және/неме­се пай­да­ла­ну ерекше­лік­те­ріне өзге­рі­стер ен­гі­зу.
    1
    Қыз­мет­ті көр­се­ту­ші­нің ата­уы
    «Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша:
    «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» пор­та­лы
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    Ұшу­лар­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік (жал­пы мақ­сат­та­ғы авиа­ция пай­да­ла­ну­шы) (бұ­дан әрі – ку­ә­лік) бе­ру - 60 (ал­пыс) жұ­мыс кү­ні.
    Пай­да­ла­ну­шы­ның ата­уы өзгер­ген, әуе ке­ме­сін пай­да­ла­ну тоқ­та­ты­л­ған, сон­дай-ақ бір­дей тип­те­гі әуе ке­ме­сін пай­да­ла­ну­шы мен­шік құқы­ғы­на неме­се эки­паж­сыз жал­ға ал­ған жағ­дай­да ұшу­лар­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік­ке және/неме­се пай­да­ла­ну ерекше­лік­те­ріне өзге­рі­стер ен­гі­зу – 20 (жиыр­ма) жұ­мыс кү­ні.
    Бас­қа тип­те­гі әуе ке­ме­сін пай­да­ла­ну­шы мен­шік құқы­ғы­на неме­се эки­паж­сыз жал­ға ал­ған жағ­дай­да ұшу­лар­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік­ке және/неме­се пай­да­ла­ну ерекше­лік­те­ріне өзге­рі­стер ен­гі­зу – 30 (жиыр­ма) жұ­мыс кү­ні.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Жал­пы мақ­сат­та­ғы авиа­ци­я­ны пай­да­ла­ну­шы­лар­ға ұшу­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­а­бы: элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­ден алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7
    Жұ­мыс кесте­сі
    1) пор­тал – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін өті­ніш бер­ген кез­де, де­ма­лыс күн­де­рі және ме­ре­ке күн­де­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жү­гін­ген кез­де өті­нім­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13:00-ден 14:00-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 8:30-ден 17:30-ға дей­ін
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1. Ұшу­лар­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік алу үшін (жал­пы мақ­сат­та­ғы авиа­ция пай­да­ла­ну­шы­сы):
    1) мы­на­дай құ­жат­тар­ды қо­са бе­ре оты­рып осы Қа­ғи­да­лар­дың 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­нім:
    2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы Ке­ңе­сі­нің қа­улы­сы­мен ра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған Ха­лы­қа­ра­лық аза­мат­тық авиа­ция ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның 6-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ұшу­ды жүр­гі­зу жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы Ке­ңе­сі­нің қа­улы­сы­мен ра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған Ха­лы­қа­ра­лық аза­мат­тық авиа­ция ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның 6-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді рет­теу жө­нін­де­гі пай­да­ла­ну­шы­ның нұс­қа­улы­ғы неме­се тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі ұй­ым­ға ар­нал­ған шар­ттың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    4) ұшу­ды қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған шар­ттар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    5) пай­да­ла­ну­шы­ның авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік бағ­дар­ла­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    6) пай­да­ла­ну ерекше­лік­те­рі­нің жо­ба­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    7) әуе ке­ме­сін эки­паж­сыз жал­ға алу шар­тта­ры­ның (ке­лі­сім­шар­ттың) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (жал­ға алын­ған әуе ке­ме­сі болған жағ­дай­да).
    8) аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рін мем­ле­кет­тік тір­кеу ку­ә­лік­те­рі­нің, аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рі­нің ұшу­ға жа­рам­ды­лық сер­ти­фи­кат­та­ры­ның, ра­дио­стан­ци­я­лар­ға рұқ­сат­тар­дың (ли­цен­зи­я­лар­дың), әуе ке­ме­ле­рі­нің шуы ту­ра­лы ку­ә­лік­тер­дің кө­шір­ме­ле­рі.
    Же­ке тұл­ға құ­жат­тар­ды пор­тал ар­қы­лы бер­ген кез­де жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды элек­трон­дық түр­де қо­са бе­ре оты­рып, осы Қа­ғи­да­лар­дың 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­нім ұсы­ны­ла­ды.
    2. Ата­у­лар өзгер­ген кез­де пай­да­ла­ну­шы ата­уы­ның өзгер­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тар ұсы­ны­ла­ды.
    3. Пай­да­ла­ну­шы әуе ке­месiн мен­шік құқы­ғы­на алып, ұшу­ды орын­дау құқы­ғы­на ар­нал­ған ку­әлiк­ке қо­су кезiн­де:
    1) ұшу­ды пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­қа;
    2) пай­да­ла­ну­шы­ның тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді рет­тей­тін нұс­қа­улық­қа;
    3) тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бағ­дар­ла­ма­сы­на;
    4) ми­ни­мал­ды жаб­дық тіз­бе­сіне (MEL);
    4. Ұшу­лар­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік­ке эки­паж­сыз жал­ға алын­ған әуе ке­ме­сін ен­гіз­ген кез­де өті­ніш бе­ру­ші осы тіз­бе­нің 3-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­дан бас­қа:
    1) әуе ке­ме­сі­нің тү­рі, үл­гі­сі және се­ри­я­лық нө­мі­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
    2) әуе ке­ме­сі ие­сі­нің те­гі (аты) мен ме­кен­жайы;
    3) тір­кеу мем­ле­ке­ті, ұлт­тық және тір­кеу бел­гі­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
    4) әуе ке­ме­сін пай­да­ла­ну ба­қы­ла­у­ы­на, ұшу­ға жа­рам­ды­лы­ғы­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге және ұста­у­ға жа­у­ап­ты та­рап­тар, сон­дай-ақ жал­ға алу­дың қол­да­ны­лу мер­зі­мі көр­се­ті­л­ген әуе ке­ме­сін эки­паж­сыз жал­ға алу ту­ра­лы шар­ттың кө­шір­ме­сін ұсы­на­ды.
    Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, же­ке кә­сіп­кер ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы, ұшу­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін уәкі­лет­ті ұй­ым­ның ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі (қа­жет болған жағ­дай­да) ар­қы­лы ала­ды.
    Өті­ніш бе­ру­ші бар­лық қа­жет­ті құ­жат­тар­ды пор­тал ар­қы­лы өті­ніш бе­ру­ші­нің «же­ке ка­би­не­тіне» бер­ген жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін алу кү­ні мен уа­қы­тын көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе жі­бе­рі­ле­ді.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту негіз­де­рі
    1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін өті­ніш бе­ру­ші ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың осы Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рі­нің ұшу жа­рам­ды­лы­ғы нор­ма­ла­ры­на, Заң­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) мә­лім­дел­ген әуе ке­ме­сі бас­қа пай­да­ла­ну­шы­ның сер­ти­фи­ка­ты­ның (ку­ә­лі­гі­нің) пай­да­ла­ну ерекше­лік­те­ріне ен­гі­зі­л­ген;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бар бол­са;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры мы­на­дай ин­тер­нет-ре­сур­стар­да ор­на­лас­қан:
    «Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы www.​caa.​gov.​kz.
    Өті­ніш бе­ру­ші­нің ЭЦҚ бар болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық түр­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Өті­ніш бе­ру­ші­нің пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон­да­ры: 1414, 8 800 080 7777

    Бұйрыққа 2-қосымша

    Жалпы мақсаттағы

    авиацияны пайдаланушылардың

    ұшуларына рұқсат беру

    қағидаларына

    7-қосымша

    Нысан

    Уәкілетті ұйым

    Ұшуды орындау құқығына куәлікке өзгерістер енгізуге арналған өтініш

    Ұшуды (жалпы авиация) орындау құқығына арналған куәлектердің пайдалану сипаттамаларына өзгерістер енгізуді сұраймын

    ____________________________________________________________________ (өтініш берушінің толық аты-жөні)

    Негіздер:_______________________________________________________ (әуе кемесінің бір түрін сатып алу, басқа ұшақ түрін сатып алу, басқа)

    Ұшудың жоспарланған басталу күні:______________________________

    (өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде жоспарланған күн көрсетіледі жаңа пайдалану жағдайларында ұшуларды бастау).

    Басшы ______________________________________ (лауазымы/қолы/күні)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.