Өтенай ауылдық округі Өтенай ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 тамыздағы қорытындысы негізінде, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өтенай ауылдық округі Өтенай ауылының құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:
1) Өтенай ауылдық округі, Жастар 1/1 тұрғын үй алабы бойынша:
-№4 атауы жоқ жаңа көше – Тәңірберген Қалилаханов көшесі;
-№10 атауы жоқ жаңа көше – Айтбек Жалбағаев көшесі;
-№11 атауы жоқ жаңа көше – Қайыпбай Түстікбаев көшесі.
2) Өтенай ауылдық округі, Жастар 3 тұрғын үй алабы бойынша:
-№6 атауы жоқ жаңа көше – Иван Битюков көшесі;
-№7 атауы жоқ жаңа көше – Степан Бендиков көшесі;
-№9 атауы жоқ жаңа көше – Елубек Каримов көшесі;
-№13 атауы жоқ жаңа көше – Иван Малин көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Өтенай ауылдық округі әкімінің орынбасары М.Турабаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өтенай ауылдық округінің әкімі
Р. Малтаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.