Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 қараша 2025 ж.

    Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат төрағасы

    С. Урашева

    Бородулиха аудандық мәслихатының

    2025 жылғы 3 қарашадағы

    № 37-4-VIII шешіміне

    қосымша

    Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    Атауы
    Жинақталу нормасы жылына 1 тұрғынға м3
    Есептік бірлігі
    Қызметтердің құны ТБО (ҚҚС-сыз теңге)
    Барлығы (ҚҚС-сыз теңге)
    Жинау, тасымалдау
    Көму
    Сұрыптау
    Жайлы үйлер
    1,92
    бір тұрғынға айына
    429,88
    -
    -
    429,88
    Жайлы емес үйлер
    2,0
    447,79
    -
    -
    447,79
    Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф
    -
    1 м3
    2686,77
    -
    -
    2686,77

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.