Алатау қаласы әкімінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 3 «Алатау қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы

    ҚолданыстағыӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Алатау қаласы әкімінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 3 «Алатау қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы

    ​ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына және 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 57-бабына сәйкес, сондай-ақ Төтенше жағдайды жою жөніндегі комиссияның шешімі негізінде, Алатау қаласының әкімі ШЕШТІ:

    1. Алатау қаласы әкімінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 3 «Алатау қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күші жойылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3.​ Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    А. Өтенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.