«2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 1046 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қыркүйек 2025 ж.

    «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 1046 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 93 және 98-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 1046 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

    «V. Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттер » деген бөлімде:

    «Көлiк және коммуникация» деген 12-функционалдық топта:

    228 «Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі» деген әкімші бойынша:

    240 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткізу пункттерін салу және реконструкциялау» деген бюджеттік бағдарламада:

    032 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен» деген бюджеттік кіші бағдарламада:

    мына:

    «

    Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту
    10 148 682
    Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту
    8 041 326
    Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Жаңа жол» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту
    2 155 814
    Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Қосақ» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту
    7 333 186
    Қазақстан-Қырғыз шекарасындағы «Қарасу» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту
    1 000 001
    Қазақстан-Қырғыз шекарасындағы «Бесағаш» автомобиль өткізу пунктін салу
    8 250 740
    »
    деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту
    3 000 000
    Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Әлімбет» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту
    2 500 000
    Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Жаңа жол» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту
    1 000 000
    Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Қосақ» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту
    4 000 000
    Қазақстан-Қырғыз шекарасындағы «Қарасу» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту
    200 000
    Қазақстан-Қырғыз шекарасындағы «Бесағаш» автомобиль өткізу пунктін салу
    3 000 000
    »;
    мына:
    «
    Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Тасқала» автомобиль өткізу пунктін қайта құру/салу және жаңғырту
    6 985 353
    »
    алып тасталсын;
    мына:
    «
    Қазақстан-Ресей шекарасында «Үрлітөбе» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту. № 1 іске қосу кешені
    6 985 353
    »
    деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    Қазақстан-Ресей шекарасында «Үрлітөбе» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту. № 1 іске қосу кешені
    1 000 000
    »;
    мына:
    «
    Қазақстан-Ресей шекарасында «Үрлітөбе» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту. № 1 іске қосу кешені
    1 000 000
    »
    деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
    «
    Қостанай облысындағы «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау, жаңғырту
    5 158 939
    Абай облысындағы «Ауыл» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау, жаңғырту
    5 173 586
    Атырау облысындағы «Құрманғазы» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау, жаңғырту
    5 173 586
    Алматы облысындағы «Кеген» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау, жаңғырту
    5 173 586
    Батыс Қазақстан облысындағы «Ақсай» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау, жаңғырту
    5 173 586
    Жамбыл облысындағы «Сыпатай батыр» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау, жаңғырту
    5 173 586
    Павлодар облысындағы «Шарбақты» автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау, жаңғырту
    5 173 586
    ».
    2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізсін.
    3. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.