«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қазан 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

    16-тармақта:

    104) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «104) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшыларды, мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру (емтихандар өткізу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

    мынадай мазмұндағы 175-19) тармақшамен толықтырылсын:

    «175-19) ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;»;

    190) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «190) өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді жүзеге асырады;»;

    206) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «206) мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;»;

    268) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «268) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылысжайларына зерттеп-қарау, диагностикалау, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақтылығына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;

    мынадай мазмұндағы 269-19) тармақшамен толықтырылсын:

    «269-19) қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын әзірлеу және келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

    Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-2-жолмен толықтырылсын:

    «3-2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 55209 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.».

    2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.