«Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қараша 2025 ж.

    «Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21471 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 124-бабының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленді және жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі – ЖТМК) түрлерін, сондай-ақ ЖТМК түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің (бұдан әрі – ММК) көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарын айқындау тәртібін белгілейді.»;

    көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау министрі

    2025 жылғы 1 қарашадағы

    № 129 бұйрығына

    қосымша

    Жоғары технологиялық

    медициналық көмек түрлерін

    айқындау қағидалары, сондай-ақ

    жоғары технологиялық

    медициналық көмек түрлерінің

    мамандандырылған

    медициналық көмектің

    көрсетілетін қызметтерінің

    тізбесіне өту өлшемшарттарына

    қосымша

    Жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлерін айқындау өлшемшарттары

    Өл­шем­шарт
    Сал­мақ­тық
    ко­эф­фи
    ци­ент
    Өл­шем­шарт шка­ла­сы
    Мәні
    Өл­шем
    шарт бал­лы
    1
    Ин­но­ва­ция
    лық (жа­ңа­шыл
    дық)
    0,1
    Тех­но­ло­гия әлем­де 5 жыл­дан аз уа­қыт қол­да­ны­ла­ды
    10
    1
    Тех­но­ло­гия әлем­де 5-10 жыл­дан астам уа­қыт бойы қол­да­ны­ла­ды
    7,5
    0,75
    Тех­но­ло­гия әлем­де 10 жыл­дан астам уа­қыт бойы қол­да­ны­ла­ды
    5
    0,5
    Тех­но­ло­гия әлем­де 15 жыл­дан астам уа­қыт бойы қол­да­ны­ла­ды
    2,5
    0,25
    2
    Ре­сурс сый­ым­ды
    лы­ғы
    0,3
    Тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ла­ну қым­бат тұ­ра­тын дә­рі­лік заттар­ды ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны, ай­тар­лық­тай ең­бек және уа­қыт шы­ғы­нын қа­жет ете­ді
    10
    3
    Тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ла­ну қым­бат тұ­ра­тын дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны қа­жет ете­ді
    7,5
    2.25
    Тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ла­ну ай­тар­лық­тай ең­бек және уа­қыт шы­ғы­нын қа­жет ете­ді
    5
    1,5
    Тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ла­ну қым­бат тұ­ра­тын дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны қа­жет ет­пей­ді, ай­тар­лық­тай ең­бек және уа­қыт шы­ғы­нын қа­жет ет­пей­ді
    2,5
    0,75
    3
    Бі­ре­гей­лі­гі
    0,1
    Тех­но­ло­ги­я­ның ана­лог­та­ры және (неме­се) Қа­зақ­стан­да­ғы ба­ла­ма ем­деу әді­сте­рі жоқ
    10
    1
    Тех­но­ло­гия ти­ім­ді­лі­гі жа­ғы­нан Қа­зақ­стан­да­ғы ана­лог­тар­дан және (неме­се) ем­де­удің ба­ла­ма әді­сте­рі­нен ар­тық
    7,5
    0,75
    Тех­но­ло­гия ти­ім­ді­лі­гі жа­ғы­нан Қа­зақ­стан­да­ғы ана­лог­тар­ға және (неме­се) ба­ла­ма­лы ем­деу әді­сте­ріне те­ңе­ле­ді
    5
    0,5
    Тех­но­ло­гия ти­ім­ді­лі­гі жа­ғы­нан Қа­зақ­стан­да­ғы ана­лог­тар­дан және (неме­се) ба­ла­ма­лы ем­деу әді­сте­рі­нен тө­мен
    2,5
    0,25
    4
    Күр­де­лі­лі­гі
    0,5
    Тех­но­ло­гия өте күр­де­лі және ерекше дағ­ды­лар­ды та­лап ете­ді (мы­са­лы, си­муль­таль­ды, бі­рік­ті­рі­л­ген неме­се ре­кон­струк­тив­тік опе­ра­ци­я­лар). Қо­сым­ша тін­дер мен ағ­за­лар­дың ерекше­лік­те­ріне бей­ім­дел­ген ма­ман­дан­ды­ры­л­ған жаб­дық­ты пай­да­ла­ну­ды қа­жет ете­тін па­ци­ент­тің ана­то­ми­я­лық - фи­зио­ло­ги­я­лық ерекше­лік­те­рі (нео­на­таль­ды жас­та­ғы ба­ла­лар­да тех­но­ло­ги­я­ны қол­да­ну) ес­ке­рі­ле­ді. Мұн­дай опе­ра­ци­я­лар ас­қы­ну қа­у­пі жо­ға­ры және мұ­қи­ят жос­пар­ла­уды қа­жет ете­ді.
    10
    5
    Бір­не­ше ке­зең­дер­ді қам­ти­тын және хи­рург пен ме­ди­ци­на пер­со­на­лы­ның жо­ға­ры дең­гей­де дай­ынды­ғын та­лап ете­тін ор­та­ша күр­де­лі­лік­те­гі тех­но­ло­ги­я­лар. Опе­ра­ци­я­лар бі­рік­ті­рі­л­ген неме­се ре­кон­струк­тив­ті бо­луы мүм­кін, бі­рақ күр­де­лі ана­то­ми­я­лық неме­се фи­зио­ло­ги­я­лық ерекше­лік­те­рі жоқ ба­ла­лар мен ере­сек па­ци­ент­тер­де орын­да­ла­ды
    7,5
    3,75
    Тех­но­ло­ги­я­ның орын­дау қиынды­ғы тө­мен (мы­са­лы, жос­пар­лан­ған) опе­ра­ци­я­лар) және ба­за­лық хи­рур­ги­я­лық жаб­дық­ты пай­да­ла­ны­ла оты­рып, стан­дарт­ты жағ­дай­лар­да жүр­гі­зі­ле­ді. Бұл опе­ра­ци­я­лар әдет­те бір са­ты­лы және па­ци­ент үшін тө­мен қа­уіп дең­гей­іне ие
    5
    2,5
    Күр­де­лі­лік­ті қа­жет ет­пей­тін тех­но­ло­ги­я­лар ам­бу­ла­то­ри­я­лық негіз­де орын­да­ла­тын өте қа­ра­пай­ым ем­ша­ра­лар­ды қам­ти­ды. Олар ар­найы дай­ын­дық­ты қа­жет ет­пей­ді және ре­сур­стар­дың ең аз мөл­ше­рін пай­да­ла­на оты­рып, жыл­дам орын­да­луы мүм­кін
    2,5
    1,25

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.