«Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қазан 2025 ж.

    «Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 158) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау министрі

    2025 жылғы 21 қазандағы

    № 112

    Бұйрығына қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрінің

    2020 жылғы 23 қырқүйектегі

    № ҚР ДСМ-108/2020

    бұйрығына қосымша

    Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі

    Аурулары
    10-қайта қаралымдағы аурулардың халықаралық жіктемесінің кодтары
    1.
    Туберкулез
    A15-A19
    2.
    Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) тудыратын ауру
    B20-B24
    3.
    Созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы
    В18.0, В18.1, В18.2, В18.8, В19, К74
    4.
    Қатерлі ісіктер
    С00-C97; D00- D 09; D37- D48
    5.
    Психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары)
    F00-F99
    6.
    Жіті миокард инфаркті
    (алғашқы 6 айда)
    I21, I22
    7.
    Орфандық аурулар
    В55, D56, D56.0-D56.2, D56.4, D57, D57.0-D57.2, D59.5, D61.9, D69.3, D76.0, D80-D84, Е53.1, E74.0, E75.2, E76.0-E76.2, E80.2, E83.0, Е84.8, E85.0, Е88.0, G12.2, G35, G40.4, G93.4, J84, J84.0, J84.1, J84.8, J84.9, I27.0, K50, K51, L10, L13.0, M08.2, М30.3, М31.3, M31.4, М31.8, М32.1, М33, М33.2, M35.2, Q78.0, Q80, Q81
    8.
    Нерв жүйесінің дегенеративті аурулары
    G30-G32
    9.
    Орталық нерв жүйесінің демиелиндену аурулары
    G35-G37
    10.
    Эпилепсия
    G40
    11.
    Ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде)
    I60-I64

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.