«Маңғыстау облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 ақпандағы № 28 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 қазан 2025 ж.

    «Маңғыстау облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 ақпандағы №28 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Маңғыстау облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 ақпандағы №28 қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Маңғыстау облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

    2-тараудың 15-тармағының 17-тармақшасы алынып тасталсын:

    2-тараудың 15-тармағы 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36 тармақшаларымен толықтырылсын:

    «26) жерасты суларының көзін толықтыруға бұру және (немесе) қайта бөлу үшін елді мекендерді, өнеркәсіптік объектілерді, ауыл шаруашылығы алқаптарын, көлік инфрақұрылымы объектілерін, қауіпті өндірістік объектілерді қорғаулың инженерлік жүйелерін құру және іске асыру»;

    «27) су қорын пайдаланумен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру»;

    «28) су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейіндік инспекциялармен, халықтың санитариялық-эпидемиялогиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру»;

    «29) су ресурстаны пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейіндік инспекцияларымен келісу бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру»;

    «30) конкурстық негізде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі шараларды жүзеге асыру»;

    «31) бассейіндік кеңестердің жұмысына және бассейіндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейіндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейіндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шараларды қабылдау»;

    «32) жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесін әзірлеу»;

    «33) коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру»;

    «34) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізу»;

    «35) су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету»;

    «36) ауызсу мен техникалық сумен жабдықтау үшін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, егін шаруашылығы, емдік шипажай бағыттарында жерасты су құдық ұңғымаларын қазу жұмыстарын іске асыру».

    5-тарау 25-тармақпен толықтырылсын:

    «25. Басқарма қарамағындағы ұйым:

    «Каспий» су тұщыту зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».

    2. «Маңғыстау облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесі әділет органдарында Ережеге енгізілген өзгерістің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Қилыбай

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.