Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің ««Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 01-40 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талғар ауданы әкімдігінің ««Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 01-40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3734 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Аскербековке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Т. Айдарбеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.